Page 155 - indexf
P. 155

жаттығуларға (мұнда, 15-25% ауытқумен жүреді) қарағанда,
динамикалық қозғалыстарда айтарлықтай дәлірек болады.

    Бұл В. С. Фарфель бойынша қозғалыс кезінде орталық жүйке
жүйесіне кері байланыс арқылы тек бұлшық ет қана емес буын ре-
цепторларынан да импульстердің түсуімен түсіндіріледі. Қозғалыс
әрекетінің түрлі фазаларын жүзеге асырудың бірізділігі мен
уақыттық көрсеткіштері есте жеткілікті дәрежеде жақсы сақталады.

    Дене жаттығуларының уақыттық және кеңістіктік көрсеткіш-
терінің дәлдігі мен есте сақталу тиімділігі көптеген факторларға бай-
ланысты. Оларға үйрету дәрежесі, қозғалыс әрекетінің күрделілігі,
сабақ кезінде жаттығуды қайталау саны, олардың арсындағы интер-
вал мөлшері, машықтану арасындағы үзіліс ұзақтығы, эмоциялық
күй және т.б. жатады.

Қозғалыстың автоматтандырылуы (дағдылы әрекеттенуі)

    Спорттық қозғалыстар техникасын толық жетілдіру қозғалыс
актісінің көптеген бөлімдерінің автоматтандырылуымен, яғни
адамның еріксіз, мақсатқа лайық және ішкі ортаның әсерінен
дағдылы әрекеттенуімен өте тығыз байланысты. Адам организмінде
еріксіз туындайтын рефлекстік актілер көптеп кездеседі. Бұлар –
вегетативтік және кейбір қозғалыс қызметтерін (кірпік қағу, жұту,
т.б.) реттейтін түрлі туа пайда болған шартсыз рефлекстік реакция-
лармен байланысты біріншілік автоматизмдер, осымен қатар бұрын
саналы, ерікті өтіп, тек одан кейін ғана автоматты түрде іске асы-
рылуы мүмкін болатын реакциялар, яғни екіншілік автоматизмдер
де бар. Міне, осыларға соның ішінде қозғалыс дағдылары жатады.
Қалыптасқан қозғалыс дағдылары берік бекітілген уақытша байла-
ныстармен сипатталады және олардың көптеген бөлімдері еріксіз,
яғни автоматты түрде орындалады.

    Адамдағы ұсақ бұлшық еттік құрылымдар қызметі жеке
функциялық моторлық бірліктер немесе олардың кішігірім топтары
секілді көбіне, сезілмейді. Арнайы жаттықтырусыз көптеген жеке
бұлшық еттер қызметі де сана сферасында көрінбейді. Тек тұтас дене
мен ірі мүшелердің ғана қозғалыстары анық сезіледі. Дағдылардың
вегетативтік компоненттері санада өте әлсіз көрініс береді.

    Жүйке жүйесінде қозғалыстың автоматтандырылған және

           155

⇐ МАЗМҰНЫ
   150   151   152   153   154   155   156   157   158   159   160