Page 156 - indexf
P. 156

автоматтандырылмаған компоненттерін басқару үдерістері бір-
бірімен тығыз байланысты. Үйрету және жаттықтыру кезінде
қозғалыстың орындалуының жалпы сипатына саналы бақылау
жасаудың маңызы өте зор. Спортшының қозғалыстың жал-
пы құрылымымен байланысты алдына қойған міндеттерін са-
налы қалыптастыруы жүйке орталықтарындағы, бұлшық еттер
мен вегетативтік мүшелердегі адамға жете сезілмейтін көптеген
автоматтандырылған үдерістерге жағымды ықпал етеді. Дене
жаттығуларын орындау ерекшеліктерін санаға дейін жеткізуде (мы-
салы, спортшының жіберген қателігінің сипаты) үдеріс кезінде не-
месе жаттығуды дереу аяқтағаннан кейін алынған жедел ақпараттың
маңызы зор (В. С. Фарфель). Дағдылы әрекеттенген қозғалыс
актісінің бөлімдері қозғалысты аяқтаған соң жекелей немесе кейін
толығымен сезілуі мүмкін болатынын атап өткен жөн. Мысалы, ке-
неттен оқыс жағдайдағы қақпашы немесе күрескер әрекеті.

    Адамдағы сезім алаңы салыстырмалы тар болып келгендіктен,
ол бір мезгілде көптеген сипаты бойынша әртүрлі қозғалыс актілері
компоненттерін қабылдай алмайды. Сезім алаңын моторлық актінің
бір бөлімі алса, одан сол уақытта басқасы шығады. Сондықтан
қозғалыс техникасын үйрету кезінде неғұрлым бұл компоненттердің
көпшілігін автоматты түрде орындағанға дейін жеткізу керек. Сон-
да спортшының сезім алаңында жаттығуды орындаудың негізгі
міндеттерімен байланысты ең басты қозғалыстар енетін болады.

Дене жаттығуларын орындаудың энергиялық үнемділігі

    Қозғалыс әрекеті кезіндегі энергия жұмсалуының үнемділігіне
қозғалыс пен вегетативтік қызметтердің үйлесімділігі есебінен же-
туге болады.

    Энергия жұмсалу бірінші кезекте дене жаттығуларын орындау
техникасын жетілдіру есебінен төмендейді. Толық жетілдірілмеген
техника кезінде жүйке орталықтарындағы иррадиация (қозудың
таратылуы) салдарынан қозғалысқа артық бұлшық еттер мен
қозғалыс бірліктері қатысуы мүмкін. Мұндай жұмыс энергия
шығынының жоғарылауымен сипатталады. Қозғалыс актісін орын-
дау техникасының жетілуіне байланысты жүйке жүйесіндегі кон-
центрация (қозудың жинақталуы) үдерістері нәтижесінде жұмысқа

           156

⇐ МАЗМҰНЫ
   151   152   153   154   155   156   157   158   159   160   161