Page 157 - indexf
P. 157

тек қажетті бұлшық ет талшықтары тартылады. Нәтижесінде энер-
гия жұмсалу төмендейді (37-сурет).

    Қозғалыс техникасын жақсы меңгерген спортшыларда энер-
гия жұмсалудың үнемделуі тек қозғалыс қана емес біраз шамада
вегетативтік қызметтердің үйлесімділігінің артуымен де байланыс-
ты.

    Олар қозғалыс әрекеті үдерісінде шартсыз рефлекстер
механизмі бойынша белсендіріледі (мобилденеді). Сонымен бірге
қозғалыс дағдысының қалыптасуы кезінде вегетативтік шартсыз
рефлекстердің өту сипаты, олардың бұлшық ет жұмысына емес
аталмыш қозғалыс әрекетінің сол түріне бейімделуі өзгеруі мүмкін.
Нәтижесінде жүрек, тыныс алу, бұлшық ет және т.б. вегетативтік
мүшелердің энергия пайдалануы төмендейді.

    Дағдылардың қалыптасуы үдерісінде жүре пайда болған
вегетативтік мүшелер қызметінің бұл ерекшеліктері қозғалыс
актісінің шартты рефлекстік тыныс алу, жүрек-тамыр және т.б.
вегетативтік компоненттерін құрайды.

                спортпен шұғылдануды жаңадан
                           бастаған тұлғалар

37-сурет. 3 минутта 400 м арақашықтықты өту кезіндегі техникалық
      дайындықтары әртүрлі байдаркашылардың О2 пайдалануы
                           (Ф. М. Кузнецов бойынша)

           157

⇐ МАЗМҰНЫ
   152   153   154   155   156   157   158   159   160   161   162