Page 158 - indexf
P. 158

Спорттық техниканы үйрету принциптерін физиологиялық
                                    негіздеу

    Спорттық техниканы үйрету тиімділігі әсіресе, жүйке мен бұл-
шық ет әрекетімен байланысты организм қызметінің физиологиялық
заңдылықтарын ескерген жағдайда ғана сақталуы мүмкін болатын
бірнеше оқытудың педагогикалық принциптерімен тығыз байланыс-
ты.

    Қозғалыс техникасын біртіндеп күрделендіру техникасы.
Спорттық қозғалыстарды жүзеге асыру барысында бір мезгілде
көптеген бұлшық еттер әрекетін басқаратын өте күрделі уақытша
байланыстар қызмет атқарады. Бұл байланыстар бұрын түзілген
қозғалыс рефлекстерін кең қолданудан біртіндеп қалыптасады.
Мұнда қозғалыстың жеке фрагменттерін меңгере отырып, оны
үйренген күрделі қозғалыс актісі тұтас жүйесіне енгізуге мүмкіндік
беретін даярлық жаттығуларының маңызы зор.

    Орталық жүйке жүйесі экстраполяция механизмі бойын-
ша өздерінің сипаты бойынша жаңа қозғалыс әрекеттерін тек са-
лыстырмалы шектеулі мөлшерде ғана сол сәтте бағдарламалауға
қабілетті болады. Егер үйренген жаттығу бұрын жүре пайда
болған тәжірибемен жеткіліксіз байланыста болса, онда програм-
малау (бағдарламалау) үшін орталық жүйке жүйесіне кері байла-
ныс арқылы арнайы ақпарат түсуі қажет. Адам сәйкесінше, алдын
ала даярлықсыз осы қозғалыс әрекетін іске асыратын бұлшық ет
әрекетінің күрделі өзара қарым-қатынасын дұрыс программалай ал-
майды. Егер мұндай жаттығу жаттықтырушы көмегімен бірнеше рет
қайталанса, орталық жүйке жүйесіне кері байланыс арқылы бұлшық
ет жұмысы мен дене мүшелері жағдайының бірізді өзгерістері дина-
микасы туралы мәліметтер түссе, бұл жүйке орталықтарында кейін
спортшыға қозғалысты өз бетімен орындауға қолданатын әрекеттің
бағдарламасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Жаттығуды көп рет жүйелі қайталау принципі. Қозғалыс
дағдысының негізі болып табылатын уақытша байланыстар
жаттығуларды міндетті түрде қайталау кезінде қалыптасады және
жетіле түседі. Мұнда қайталау саны мен қайталау арасындағы
интервалдар сияқты жаттықтыру сабақтарының арасындағы
интервалдардың маңызы зор. Қайталаудың жеткіліксіз болуы-
мен қатар қажудың дамуымен байланысты өте көп қайталау да

           158

⇐ МАЗМҰНЫ
   153   154   155   156   157   158   159   160   161   162   163