Page 159 - indexf
P. 159

дағдының қалыптасуын қиындатады. Сонымен қатар жаттықтыру
сабақтарының арасында интервалдар қатынасын да ескеру қажет.
Бір сабақтағы жаттығулардың қайталау санын және сабақ жиілігін
жаттықтыру дәрежесінің өсуіне байланысты көбейтуге болады.

    Жан-жақты техникалық дайындық принципі. Қозғалыс
дағдысының қалыптасуы үдерісінде түзілген уақытша байланыстар
қозғалысты көп рет стереотипті орындау кезінде экстраполяцияның
тарылуына әкелуі мүмкін. Бұл біржақты жаттықтыру кезінде
туындаған тарылу өзгермелі барабар сәйкес жағдайға қозғалыс си-
патын өзгерту мүмкіндіктерін шектейді. Мұнымен қатар сыртқы
жағдайдың, спортшы күйінің өзгерістері жаңа жағдайдың қозғалыс-
ты орындаудың стереотипті бағдарламасымен сәйкес келмеуін туды-
руы мүмкін. Осының салдарынан қозғалыс актісі толық емес болуы
мүмкін. Тек белгілі бір мөлшердегі дене жаттығуларын стереотипті
орындауға үйретумен қатар жаттықтыру дәрежесін де тежейді.

    Үйретудің жеке-дара принципі. Әртүрлі спортшыларда жаңа
күрделі қозғалыстарды тез үйрену қабілетін детерминациялайтын
генетикалық ерекшеліктердің айтарлықтай айырмашылықтарының
болуы мүмкін. Оларда бұрын қалыптасқан дағдылар қоры да түрліше
болуы ықтимал. Жоғарыдағы екі фактор да спорттық іріктеуде де
және сонымен қатар спорттық қозғалыстар техникасын үйрету
кезінде де жеке-дара жұмыс жүргізудің қажеттілігін көрсетеді.

           159

⇐ МАЗМҰНЫ
   154   155   156   157   158   159   160   161   162   163   164