Page 233 - indexf
P. 233

VІІІ тарау
       Жаттығу жүктемелерінің жіктелуін,
   спорттық жаттығулардың қағидаларын
      және жоспарлануын физиологиялық

                                негіздеу

    Спорттық жаттықтыру жалпы дене дайындығы мен арнайы
жұмысқа қабілеттілікті жоғарылатуға бағытталған (педагогикалық)
үдеріс.

    Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, спорттық
жаттықтыру дегеніміз, яғни дене шынықтыру мен спорт-
пен жүйелі түрде шұғылдану таңдаулы спорт түрі тарапынан
туындайтын дене жүктемелеріне адам организмнің көп жылдық
бейімделу үдерісі болып табылады. Мұндай бейімделудің негізі
жаттықтырылу нәтижесінде туындаған түрлі мүшелер мен
ұлпалардағы морфологиялық, матаболизмдік және физиологиялық
өзгерістер, организм қызметтерінің жүйкелік, гуморалдық рет-
телу жолдарының жетілдірілуі болып табылады. Аталмыш
өзгерістердің барлығы шынығу тиімділігін анықтайды. Олар
спорттық нәтижелердің өсуі аясында спортшының дене дайындығы
(шынығу) деңгейінің жоғарылауы салдары ретінде және жаттығуға
қажетті бұлшық ет қызметінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін
организмнің сан алуан қызметтерінің жақсаруымен көрініс береді.

Спорттық шынығудың және жаттығуды дамытудың
      физиологиялық қағидалары (принциптері)

    Барлық педагогикалық үдерістер іспеттес спорттық жаттықтыру
(жаттығу) кезінде де:

    1.	Белсенділік;
    2.	Саналылық;
    3.	Көрнекілік;
    4.	Жүйелілік;
    5.	Қолжетімділік;
    6.	Орнықтылық сияқты жалпы педагогикалық принциптер
сақталады.

           233

⇐ МАЗМҰНЫ
   228   229   230   231   232   233   234   235   236   237   238