Page 234 - indexf
P. 234

Сонымен қатар жаттықтырудың:
    1.	Жалпы және арнайы дене дайындығының бірлігі;
    2.	Жаттықтыру үдерісінің үздіксіздігі мен циклділігі (тізбекті-
лігі);
    3.	Жаттығу жүктемелерін біртіндеп және максималды
жоғарылату сияқты арнайы принциптері де бар.
    Бұл принциптер адамда дене сапалары дамуы мен қимыл
дағдыларының қалыптасу заңдылықтарына, организмдегі
функциялық қайта құрылу ерекшеліктеріне және спортшы қызмет-
тік қорлар диапазоны өзгерістеріне негізделген.
    Бұлшық ет қызметі физиологиясы саласында физиологтардың
басты зерттеу аспектілері организмнің тұрақты (ұзақ) жаттығу
жүктемелеріне бейімделуі болып табылады. Дж. X. Уилмор,
Д. Л. Костилл (1997) жаттығу жүктемелерінің 4 негізгі
принциптерін қарастырған:
    1)	 Жеке даралық принципі бойынша әрбір адам өзіне ғана
ерекшеліктері тән жалғыз болып табылады, осыған орай жаттығуды
жоспарлаған кезде жеке дара ерекшеліктерге мән беру керек. Әртүрлі
адамдар сол жаттығу жүктемесіне түрліше жауап береді;
    2)	 Арнайылық принципі бойынша жаттығу тиімділігін артты-
ру үшін олар зерттелуші шұғылданып жатқан бұлшық ет қызметі
ерекшелігіне (спецификасына) максималды сәйкес келу қажет.
Мысалы, ауыр атлетика сияқты аса зор күшті қажет ететін спорт
түрлерімен шұғылданатын спортшы ұзақ қашықтыққа жүгіру сал-
дарынан күшін ұлғайтпайды;
    3)	 Жаттығу жүктемелерін тоқтату принципі бойынша
жаттығу сабақтары нәтижесінде қол жеткізген жетістіктер, егер
олар тоқтатылса немесе олардың көлемі дереу төмендесе жоғалады.
Мұның алдын алу үшін барлық жаттығу программалары бұған дейін
қол жеткен жетістіктерді сақтап отыратын программалардан тұруы
тиіс;
    4)	 Прогрессивті шамадан тыс жүк принципі бойынша жаттығу
сабақтары организмге (бұлшық еттерге, жүрек-тамыр жүйесіне)
үйреншікті жүктемеден асып отыратын жүктемелерден тұруы керек.
Организмнің бейімделуі барысында жаттығу жүктемелері көбейіп
отырады.
    Американдық ғалымдар осы негізгі жаттығу принциптерін
негізге ала отырып, келесідей жаттығу программаларының түрлерін
ұсынған:

                                      234

⇐ МАЗМҰНЫ
   229   230   231   232   233   234   235   236   237   238   239