Page 235 - indexf
P. 235

1.	Күштік жаттығу спортшының күш, қуаттылық пен бұлшық
ет төзімділігін дамытады. Жаттығу сабақтары цикл, қайталау саны
және қарсы кедергілер мөлшері бойынша жоспарланады;

    2.	Интервалды жаттығу жұмысты тынығумен немесе оны
мөлшері төмендетілген жүктемемен кезектестіре отырып орында-
лады. Ол барлық жұмыстың барынша көп көлемінің орындалуын
қамтамасыз етеді, өйткені жаттығу сабақтары барысында қалпына
келу үдерісі жүріп отырады;

    3.	Үздіксіз жаттығу тынығу интервалдарынсыз орындалады. Бұл
жаттығудың: жоғары қарқындылықты және төмен қарқындылықты
үздіксіз жаттығулар сияқты 2 түрі бар. Жоғары қарқындылықты
үздіксіз жаттығулар қарқындылығы жоғары (ЖЖЖмакс 85-95%)
жұмыстарды орындауға негізделген әрі айтарлықтай жүктеме
түсірмей отырып, төзімділікті дамыту үшін аса тиімді. Ал төмен
қарқындылықты үздіксіз жаттығулар кезінде жүрек-тамыр мен
тыныс алу жүйелеріне аз жүктеме түсіре отырып, өте ұзақ уақыт
бойына немесе аса алшақ дистанцияларда салыстырмалы төмен
қарқындылықты (ЖЖЖмакс 60-80%) жұмыстар орындалады. Со-
нымен қатар ол бұлшық еттер мен буындар күйінің жайсыздығына
(дискомфорт) немесе зақымдалуына да әкелуі ықтимал;

    4.	Айналма жаттығу кезінде спортшы шеңбер түзетін жаттығу
құрылғыларында (тренажерларда) мүмкіндігінше жылдамырақ
жұмыс атқарады. Әр жаттығу құрылғыларында мүлдем басқа
жаттығулар орындалып отырады. Айналма жаттығулар көбіне,
аэробтық төзімділіктің орташа жоғарылауын және күш, бұлшық
ет төзімділігі мен икемділігінің айтарлықтай артуын қамтамасыз
етеді. Жүрек-тамыр жүйесінің шынығу дәрежесінің артуы жаттығу
құрылғыларының бір-бірлерінен алыс қашықтықта орнала-
суы есебінен, сонымен қатар бір тренажердан екіншісіне ауысу
жылдамдығының артуынан да жүзеге асырылады.

Жалпы және арнайы дене дайындығы

    Жаттықтыру принциптерінің бірі жалпы және арнайы дене
дайындығының бірлігі деп жоғарыда атап өтілген болатын. Осы
жалпы және арнайы дене дайындығы жөнінде Д. Оңғарбаева, Г. Ма-
диева, Е. Алимханов (2013) еңбегінде толығымен баяндалған.

           235

⇐ МАЗМҰНЫ
   230   231   232   233   234   235   236   237   238   239   240