Page 236 - indexf
P. 236

Дене дайындығы – спортшының тұтас организмі мен мүшелері
қызметінінің дамуына, олардың жұмыс қабілеттіліктерінің артуына,
күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, иілгіштік сияқты дене сапала-
рын арттыруға ықпал ететін және спорттық жарыстар барысында
қажетті психологиялық тұрақтылыққа әкелетін арнайы жаттығулар
арқылы жетілдіру.

    Дене дайындығы жалпы дайындық (ЖД) және арнайы дене
дайындығы (АДД) деп бөлінеді. Арнайы дене дайындығы өз тара-
пынан:

    1. Алдыңғы (АДД);
    2. Негізгі (АДД) деп екіге бөлінеді.
    Алдыңғы арнайы дене дайындығы кезінде арнайы дайындықтың
негізі қаланады. Ал негізгі арнайы дене дайындығы барысында тек
спорт түрі ерекшелігіне сәйкес арнайы жаттығулар орындалады.
    Спорттық тәжірибе көрсеткендей, алдымен жалпы дене
дайындығы іске асырылғаннан кейін, соның негізінде арнайы
дене дайындықтары жаттығулары қолданылады. АДД дайындығы
арқасында жоғары спорттық көрсеткіштерге жету мүмкіндігі арта-
ды.
    Жалпы дене дайындығы (ЖДД) арқылы денсаулықты
шынықтырып, адамның жұмыс қабілеттілігін жақсартуғаболады.
Денсаулығы шыныққан адам дене жүктемелерін жеңіл атқарып,
жылдам бейімделеді, спортшыға қажетті дағдыларды тез үйренеді.
Жалпы дене дайындығы кезінде адам организміне жан жақты пай-
далы әсер етуші жаттығулар таңдап алынады. Мысалы, ұзақ уақыт
жүгіру кезінде адам организмінің барлық мүшелері іске қосылады,
берілген жүктемелерге бейімделу қалыптасады.
    Жаттығу мақсатына байланысты кей жағдайларда адамның
кейбір мүшелерінің ғана жұмысын жетілдіру үшін арнайы шектеулі
жаттығулар таңдалып алынады. Осы жұмыстардың барлығы біріге
келіп, адамның жалпы дене дайындығы сапасын арттырады.
    Жалпы дене жаттығуларына арналған жаттығулар түрлері:
    а) жаттығуларды бір орында тұрып (статикалық) және қозғалыста
(динамикалық) құрал-жабдықсыз жеке немесе бірлесіп орындау;
    б) жаттығуларды бір орында тұрып және қозғалыста құрал-
жабдықпен орындау;
    в) арнайы жабдықтарда жаттығу (керме, қос сырық, штанга,
арқан, доп, т.б.);

           236

⇐ МАЗМҰНЫ
   231   232   233   234   235   236   237   238   239   240   241