Page 238 - indexf
P. 238

жан-жақты қарастырылған жұмысты ұйымдастырумен тікелей бай-
ланысты болып келеді.

    Жаттығуды күрделенген жағдайда орындату арқылы спортшы-
ның арнайы даярлығын арттыру өзінің пайдалы жақтарымен белгілі.

    Арнайы дайындық жұмыстары кезінде жүктеменің қарқынын
азайта отырып, көлемін арттыру әдістемесі де қолданылады. Осы
жағдайда жұмыс қарқыны, ең жоғары қарқынның 75-80 пайызы
жағдайында орындалады да, есесіне жұмыс орындау көлемі артады.

    Жаттығу қарқынын төмендету жолымен жұмысты ұйымдас-
тырудың тағы бір пайдасы, дененің функциялық бейімделуі орталық
жүйке жүйесі жұмысының бейімделуінен кейін іске асырылатын
болғандықтан, денедегі морфологиялық өзгерістер соңынан пайда
болады.

    Егер жаттығудың қарқынын арттыру арқылы жұмысты
ұйымдастырған болса, онда орталық жүйке қызметіне көп
салмақ түсуі салдарынан организмнің қызметтік қорларын қосу
мүмкіндіктері тежеледі. Осының салдарынан организмде шаршау
орын алып адам жұмысы қабілеттілігі төмендейді.

    Сондықтан циклдік спорт түрлерінде жаттығу сапасын
төмендетіп алмас үшін жұмыс қарқынын ЖЖЖ 150-170 екп/мин
мөлшерінде ұстаған дұрыс.

    Жаттығу жұмыстарын қайталау санын арттыру, сонымен
қатар жұмыс ұзақтығын да арттыру, қазіргі кездегі жаттығу
жұмыстарындағы пайдалы бағыт болып табылады.

    Жаттығу жұмыстарының арнайы дайындығын қалыптастыру ба-
рысында спорт түріне қажетті жаттығулар таңдап алынады. Арнайы
дайындық жаттығуларын аптасына екі реттен кем емес жағдайда
қайталатып отыру нәтижелі болады. Жаттығу барысында әсіресе,
жарыстық жағдайда болатындай етіп қайталату тіптен дұрыс.

    Арнайы дене дайындығы (АДД 1) кезінде қосымша тапсыр-
малар беру орынды. Мысалы, жеке спорт түрлеріне қажетті ар-
найы жылдамдық пен жиілікті ұстау, дене буындары қозғалысы
мүмкіндігін арттыру, т.с.с.

    Негізгі арнайы дайындықта (НАД 2) тек спорт түрі ерекшелігіне
қажетті арнайы жаттығулар орындалады. Оған маманданған спорт
түріне байланысты дене дайындығы, әдіс-тәсілдік шеберлігінің
дайындық кезеңдерінде көрсетілген міндеттеріне байланысты
тапсырмаларға сай болуына мүмкіндік туғызу, т.б. жатады. Негізгі

           238

⇐ МАЗМҰНЫ
   233   234   235   236   237   238   239   240   241   242   243