Page 237 - indexf
P. 237

г) акробатикалық жаттығулар (күшпен, секірулер арқылы).
    д) жеңіл атлетке қажетті спорттық ойындар түрлерін қолдану.
    Арнайы дене дайындығы:
    1. Алдыңғы арнайы дайындық (АДД 1);
    2. Негізгі арнайы дайындық (НАД 2) деп екіге бөлінеді.
    Алдыңғы арнайы дайындық (АДД 1) кезінде арнайы дайындық-
тың негізі қаланады. Негізгі арнайы дайындық (НАД 2) барысында
тек спорт түрі ерекшелігіне сәйкес арнайы жаттығулар орындалады.
    Алдыңғы арнайы дайындық (АДД 1) маманданған спорт
түріне қажетті дене дайындығы мен қозғалыс түрлерін жетілдіруге
бағытталады.
    Қазіргі спорттық жарыстар кезінде спортшыдан дене
дайындығының өте жоғары дәрежеде болуы талап етіледі, денеге
түсетін ауыр жүктемелерді еркін көтеруге дайын болуымен қатар,
жаттығулар жүктемелерін орындағаннан соң организмнің қайтадан
қалыпқа келуі басты талап болып саналады. Ол үшін спортшы ар-
найы (АДД 1) мен негізгі арнайы (НАД 2) дайындықтарынан өтіп,
көп жылдарға созылатын дене жаттығуларын меңгеруге дайын бо-
луы қажет.
    Арнайы дайындықты іске асыру үшін қажетті міндеттер:
    –– маманданған спорт түріне байланысты адам организмі қызметі
мүмкіндіктерін жетілдіру, әлсіз дене сапалары деңгейін көтеру;
    –– дене дайындығын арттыру бағытында барлық дене сапаларын
(күш, жылдамдық, төзімділік, иілгіштік, ептілік) жетілдіру;
    –– спорт түрі моделіне сай келетіндей дайындық бағыттары
жұмысын жетілдіру.
    Жоғарыда көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында алда
атқарылатын жаттығу жұмыстары жоспары жасалады. Жоспар
спорт түрі ерекшелігін ескеріп жасалады. Мысалы, кросс – жүгіру
жаттығулары үшін арнайы төзімділікті тәрбиелеудің жолы болып
табылады. Кроссқа жүгіруді орта және алыс қашықттықа жүгіретін
желаяқтар көп пайдаланады. Басқалар жеңіл атлеттер үшін ол жал-
пы дайындық жаттығулары ретінде қолданылады.
    Жаттығуды жоспарлау кезінде спортшыны жоғары спорттық
шеберлікке жеткізу мақсатында әр спортшының өз туа біткен
ерекшелігін ескере, жеке-дара жаттығу жолдарын табу маңызды бо-
лып келеді.
    Жеке-дара жолды іздеу спорт түрінің ерекшелігін толық ескере

           237

⇐ МАЗМҰНЫ
   232   233   234   235   236   237   238   239   240   241   242