Page 239 - indexf
P. 239

арнайы дайындық барысында басқа спорт түрлерінде кездесетін
жаттығулар түрлерін де қолдану тиімді.

    Негізгі арнайы дайындықта қолданылатын жаттығулар қарқыны
жарыстық кездегі қарқын талабы бойынша орындалады, немесе 85-
90% көлемінде, кей жағдайларда жаттығу қарқыны жарыстық талап-
тардан да артып кетеді.

    Сайып келгенде, спортшының дене дайындығы жалпы дене
дайындығы (ЖДД), алдыңғы арнайы дайындық (АДД 1), негізгі
арнайы дайындық (НАД 2) сатыларынан тұрады. Бұл сатылардың
өтуі бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, бастапқы жалпы дене
дайындығының жақсы өтуі кейінгі сатылардың нәтижелі болуын
қамтамасыз етеді.

    Сондықтан, жылдық жаттығу жұмыстарын іске асыру кезінде
барлық дайындық сатыларының бір-бірімен орынды алмасып оты-
руы, болашақ спорттық жетістіктердің тұрақты болуына ықпал етеді.

    Дене дайындығын арттырудағы көрсетілген үш саты барысын-
да, бірінші кезеңде жаттығу жұмыстарының көлемі ұлғая отырып,
қарқыны орташа сақталатын болса, келесі бөлімдерде көлемі азая
отырып, есесіне қарқыны арта түседі.

    Дене дайындығын арттырудың барлық сатылары жылдық
жаттығу жұмыстарында іске асырылып, бірінші және екінші саты-
сы дайындық кезеңінде, ал үшінші негізгі арнайы дайындық сатысы
жарыстық кезеңінде жүргізіледі.

          Жаттықтыру үдерісінің физиологиялық негіздері

    Организмнің дене сапалары дамуы мен қызметтік
мүмкіндіктерінің өсуі нәтижесінде, жалпы (арнайы емес,
мамандандырылмаған) дайындық базасында ғана таңдаулы спорт
түрінде спортшы дайындығының мамандандырылған түріне ал-
масуы жүзеге асырылады. Бұл үдеріс мүмкіндігінше үздіксіз болу
қажет, яғни үзілістер болмауы шарт, өйткені жүйелі түрде өткізілген
сабақтардағы үзілістер осыған дейін меңгерілген қимыл дағдылары
мен қол жеткізген қимыл әрекеттерінің сапалық көрсеткіштері
деңгейінің дереу төмендеуіне әкеледі. Мысалы, жасөспірімдерде
бір жыл жаттығу барысында қол жеткізген бұлшық ет күшінің өсуі
жаздық демалыстан кейін толығымен жойылатындығы анықталған
(Солодков А.С., 1999).

                                      239

⇐ МАЗМҰНЫ
   234   235   236   237   238   239   240   241   242   243   244