Page 240 - indexf
P. 240

Жаттығу үдерісінің циклділігі арнайы жұмысқа қабілеттіліктің
ең жоғары деңгейге өтуінің дайындық кезеңдері (3-4 ай) барысында
біртіндеп жүзеге асырылуымен байланысты. Жарыс кезеңдерінде
спортшы жұмысқа қабілеттіліктің жоғары деңгейіне жетеді,
алайда, бұл қол жеткен адамның функциялық және психикалық
мүмкіндіктерінің ең жоғары деңгейін тек шектеулі уақыттарда (4-5
айдан көп емес) ғана ұстап тұра алады. Осыдан кейін белгілі бір
тынығу қажет және басқа әрекет түріне ауысып, жүктемені азайту
керек. Жылдық жаттығу циклі (немесе жылына 2 цикл) аралық мезо-
циклден, ол апталық микроциклдерден тұрады, яғни жылдық цикл,
мезоцикл, апталық микроцикл болып бөлінеді. Мұндай циклділік
адам организмінің табиғи биоырғақтарына сәйкес келеді және
осымен қатар қолданатын дене жүктемелерін түрлендіріп отыруға
мүмкіндік береді.

    Тынығудың оптималды интервалдарын жасай отырып,
дене жүктемелерін ауырлығы бойынша дұрыс кезектестіру
организмнің суперкомпенсациясын, яғни «қайта қалпына келуін»
қамтамасыз етеді. Бұл келесі жаттығу сабақтарының бастапқымен
салыстырғанда жоғарырақ жұмысқа қабілеттілікпен басталуына
әкеледі. Мұндағы режимде спортшы нәтижелері бұлжытпай өседі
және оның денсаулығы сақталады. Өте ұзақ интервалдар ешқандай
өсімге әкелмесе, ал жеткіліксіз интервалдар жұмысқа қабілеттіліктің
төмендеуі мен организмнің функциялық күйінің нашарлауына әкеліп
соғады.

    Жаттығу жүктемелері қызметтік мүмкіндіктердің қол жеткен
деңгейіне байланысты біртіндеп жоғарылап отыру керек, әйтпесе,
тіпті, жүйелі түрде жүргізілген сабақтар кезінде де тек оларды ұстап
тұратын ықпал ғана қамтамасыз етіледі. Мысалы, дене жүктемелері
кезінде жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) жастарда 150 екп/мин.
жоғары болу керек, ал егде жастағы адамдарда 130 екп/мин. асу
қажет.

    Жоғары спорттық нәтижелерге жету үшін жаттығудың
функциялық пен құрылымдық ізін қалдыра отырып, орталық
жүйке жүйесінің (ОЖЖ), қозғалыс аппаратының және вегетативтік
жүйелердің қызметтік қорларының мобильденуін тудыратын мак-
сималды жүктемелер қолданылуы тиіс.

    Жаттығу әсерін анықтайтын факторларды анализдеу нәтижесінде:
    1.	Жаттығудың негізгі функциялық әсерлері;

           240

⇐ МАЗМҰНЫ
   235   236   237   238   239   240   241   242   243   244   245