Page 241 - indexf
P. 241

2.	Жаттығу әсері туындауға қажетті табалдырыққа тең (сыни)
жүктемелер;

    3.	Жаттығу әсерінің арнайылылығы;
    4.	Жаттығу әсерінің кері қайтымдылығы;
    5.	Жаттығу әсерінің мөлшерін анықтайтын жаттығудың дәрежесі
сияқты физиологиялық заңдылықтар айқындалған (Коц Я. Ц.,1986).
    Жаттығудың 2 негізгі функциялық әсері.
    Дене жаттығуларының белгілі бір түрімен жүйелі түрде
шұғылдану:
    1.	Шынығу жаттығуларының орындалуын қамтамасыз ететін
тұтас организмнің және оның жетекші жүйелерінің максималды
қызметтік мүмкіндіктерінің күшеюі;
    2.	Бұлшық ет қызметін арнайы жаттықтыру барысында тұтас
организмнің және оның мүшелері мен жүйелері қызметтері
тиімділігінің (үнемділігінің) жоғарылауы сияқты екі негізгі жағымды
функциялық әсер береді.
    Бірінші әсерге шекті, максималды, тестілер (жаттығулар) орын-
дау кезінде айқындалған максималды көрсеткіштердің өсуі дәлел
болады. Бұл көрсеткіштер аталмыш бұлшық ет әрекетінің түрін
орындауға қажет организмнің максималды қызметтік мүмкіндіктерін
көрсетеді. Мысалы, төзімділік жаттығуларының әсері жөнінде
организмнің максималды аэробтық мүмкіндіктерінің – максимал-
ды аэробтық қуаттылық пен максималды аэробты сыйымдылықтың
(белгілі бір қуаттылықты, мысалы, ОМП деңгейіндегі аэробты
бұлшық ет жұмысын орындау ұзақтығының) артуы куәландырады.
    Ал екінші әсер болса, стандартты максималды емес жүктемелерді
орындау кезінде организмнің түрлі жетекші жүйелері мен мүшелері
қызметтерінің өзгерістерінің азаюымен көрінеді. Мәселен,
бірдей жүктемені орындау кезінде жаттыққан адамда спортпен
шұғылданбаған адаммен салыстырғанда немесе белгілі бір жаттығу
кезеңінен кейін сол адамның өзінде функциялық (ЖЖЖ, өкпелік
вентиляция, қаңқа бұлшық еттерінің жиырылу белсенділігі деңгейі
мен мөлшері, дене температурасы, қандағы лактат, катехоламиндер
және басқа да гормондардың концентрациясы, симпатикалық жүйке
белсенділігі және т.б.) өзгерістер, сонымен қатар сол жүктемені
орындау кезінде энергиялық шығындардың төмендеуі (мысалы, О2
пайдаланудың кемуі) азырақ байқалады. Соңғы аталған феномен
орындалуы қозғалыстың күрделі координациясын меңгерумен және

           241

⇐ МАЗМҰНЫ
   236   237   238   239   240   241   242   243   244   245   246