Page 242 - indexf
P. 242

жетілдірумен байланысты мысалы, жүзу сияқты бұлшық ет әрекеті
түрлерінде барынша айқын көрінеді.

    Табалдырықтық жаттығу жүктемелері
    Барлық жаттығулар тіптен, жүйелі түрде орындалған дене
белсенділігі де жаттықтыру ретінде қарастырылуы мүмкін, себебі
егер жүйелі функциялық жаттығу жүктемелері табалдырықтық
жүктемеге жетсе немесе одан асса ғана тұтас организмнің және
оның жеке жүйелері мен мүшелерінің қызметтік мүмкіндіктерінің
жоғарылауы, яғни жаттығу әсерлері байқалады. Мұндай
табалдырықтық жаттығу жүктемесі қарапайым (күнделікті
тұрмыстық немесе үйреншікті жаттығу) жүктемеден жоғары бо-
луы тиіс. Сондықтан табалдырықтық жүктемелер қағидасын көбіне,
жүктемеден өсіп отыратын прогрессивті қағида ретінде қарастырады.
    Табалдырықтық жаттығу жүктемелерін таңдау кезінде
бағынатын ереже бойынша олар сол адамның аталмыш жаттығулар
үшін жетекші жүйелерінің қызметтік мүмкіндіктерімен белгілі бір
сәйкестікте болуы қажет. Мәселен, қандай да бір жаттығу жүктемесі
аз жаттыққан адам үшін табалдырықтық немесе табалдырықтан
жоғары жүктеме болғанымен де, жақсы жаттыққан спортшы үшін
табалдырықтан төмен болып ықпал етпеуі мүмкін. Сондықтан да
индивидуализациялаудың (жеке-даралаудың) педагогикалық прнципі
айтарлықтай шамада табалдырықтық жүктемелердің физиологиялық
принциптеріне сүйенеді. Бұл үшін жаттығу жүктемелерін анықтау
кезінде оқытушы немесе жаттықтырушы дене шынықтыру мен
спортпен айналысушының физиологиялық мүмкіндіктері жайында
жеткілікті мағлұматтарды білуі тиіс.
    Жүктемені біртіндеп арттыру педагогикалық принципі де
табалдырықтық жүктемелердің физиологиялық принциптерінің сал-
дары болып табылады, өйткені табалдырықтық жаттығу жүктемесі
шұғылданушы адамның қызметтік мүмкіндіктерінің жоғарылау ба-
рысымен біртіндеп ұлғайып отыру керек.
    Жаттығудың түрлі міндеттерін (дене дайындығының
жоғарылауы, спорттық нәтиженің өсуі, денсаулық күйінің жақсаруы,
сырқаттанудан немесе зақымнан кейін жұмысқа қабілеттіліктің
қалпына келуі және т.б.) шешу үшін, сонымен қатар жасы, жыны-
сы және жаттығу дәрежесі әртүрлі адамдар үшін табалдырықтық
жүктемелер бірдей болмайды. Мәселен, спортшылар спорттық
нәтижелерді жоғарылату мақсатында қолданатын салыстырмалы

           242

⇐ МАЗМҰНЫ
   237   238   239   240   241   242   243   244   245   246   247