Page 243 - indexf
P. 243

және әсіресе абсолюттік табалдырықтық жүктемелер денсаулық
күйін жақсарту мақсатында дене шынықтырумен айналысатындар
пайдаланатын жүктемелерден айтарлықтай көп болады. Бірдей емес
табалдырықтық жүктемелер бір жағдайда қызметтік мүмкіндіктерді
(дене дайындығын) арттыру үшін және басқа жағдайда ол қол жет-
кен деңгейді ұстап тұру мақсатында қолданылады.

    Дене жүктемесінің негізгі параметрлері оның қарқындылығы,
ұзақтығы мен жиілігі болып табылады. Бұл көрсеткіштердің
барлығы бірге жүктеменің көлемін анықтайды. Бұл параметрлердің
әрқайсысы жаттығу әсерінің көлемін анықтауда жеке өзіндік
рөл атқарса да, алайда, олардың өзара ықпалдары аса күрделі
болғандықтан, олардың әрбірінің салыстырмалы маңызы мен өзара
алмасу дәрежесін бөліп көрсету аса қиын. Дене жүктемесінің
әрбір параметрінің рөлі айтарлықтай шамада жаттығу әсері туралы
бағалайтын көрсеткіштерді таңдауға байланысты.

    Дене жүктемесінің оптималды (табалдырықтық) параметрлері
ОМП жоғарылату мен дене салмағын (май массасын) азайту
мақсаттарында жаттығу әсерін анықтауда бірдей болмайды.

    Табалдырықтық дене жүктемелер параметрлерінің салыстыр-
малы маңызы, сонымен қатар жаттығулар (күштік, жылдамдықты-
күштік, төзімділік, техникалық немесе ойын) түріне және жаттығулар
(үзіліссіз циклдік немесе интервалды қайталау) сипатына тәуелді
болады.

    Жаттығу жүктемелерінің қарқындылығы
    Төзімділікті жаттықтыру үдерісінде ауқымды циклдік
жаттығуларды орындау кезінде жүктеме қарқындылығын
анықтаудың бірнеше физиологиялық әдістері бар. Тура әдіс О2 пай-
далану жылдамдығын абсолютті (л/мин) немесе салыстырмалы
(ОМП %) өлшеу немесе метаболизмдік эквивалент бірлігін анықтау
арқылы орындалады. Қалған барлық әдістер жанама әдістер.
Олар аэробы жүктеме қарқындылығы мен оны орындау кезіндегі
физиологиялық көрсеткіштер арасындағы белгілі бір байланысты
анықтауға негізделген. Мұндай көрсеткіштер ретінде ЖЖЖ мен ана-
эробты табалдырық ең көп пайдаланылады. Көп зерттелінгендіктен
және қарапайымдылығына байланысты көбіне, ЖЖЖ қолданылады.
    Жаттығу жүктемесі қарқындылығын ЖЖЖ бойынша
анықтау. Жаттығу жүктемесі қарқындылығын ЖЖЖ бойынша
анықтау негізінде олар арасындағы тура байланыс жатыр, яғни

           243

⇐ МАЗМҰНЫ
   238   239   240   241   242   243   244   245   246   247   248