Page 244 - indexf
P. 244

неғұрлым аэробты циклдік жүктеме көп болса, соғұрлым ЖЖЖ
жоғары болып келеді. Жасы, жынысы және дене дайындығының
деңгейі (жаттығу дәрежесі) әртүрлі адамдарда физиологиялық
жүктеме қарқындылығын анықтау үшін ЖЖЖ абсолютті емес, са-
лыстырмалы көрсеткіштерін қолданған дұрысырық. Көбіне, ЖЖЖ
салыстырмалы жұмыс немесе ЖЖЖ салыстырмалы жұмыс өсімі
сияқты 2 көрсеткіштің бірі қолданылады.

    ЖЖЖ салыстырмалы жұмыс көрсеткіші (ЖЖЖмакс%) – бұл
жүктеме кезіндегі пайызбен өрнектелген ЖЖЖ қатынасы, яғни
жұмыс ЖЖЖ (ЖЖЖж) көрсеткішінің сол адамға тән максимал-
ды ЖЖЖ (ЖЖЖмакс) мөлшеріне қатынасы: ЖЖЖмакс% = (ЖЖЖж /
ЖЖЖмакс) * 100%.

    Максималды ЖЖЖ (ЖЖЖмакс) анықтаудың қарапайым ережесі
ретінде мына формула қолданылады: 220 – жас (жылмен). Мысалы,
50 жастағы ер адамда максималды ЖЖЖ орта есеппен 170 екп/мин.
(220-50 (жас)) құрайды (12-тарауда балалардың ЖЖЖмакс есептеуді
қарастырамыз). Алайда, ЖЖЖмакс мәні бойынша бір жас кезеңінде
болса да түрлі адамдарда айтарлықтай айырмашылықтары болаты-
ны есте болу қажет. ЖЖЖж дене жаттығуларын орындап жатқанда
есептеу керек немесе тіпті, болмағанда оны аяқтағаннан соң дереу 10
с ішінде өлшеу керек. Қазіргі уақытта ғылым мен техниканың даму-
ына байланысты заманауи электродтардың болуына орай ЖЖЖмакс
және т.б. көрсеткіштерді спорттық ойындар мен жаттығулар кезінде
өлшеу аса қиындықтар туғызбайды.

    ЖЖЖ салыстырмалы жұмыс өсімі көрсеткіші. ЖЖЖ салыстыр-
малы жұмыс өсімі көрсеткішін анықтау үшін пульстік жұмыс резер-
він (ЖЖЖрз), яғни ЖЖЖмакс пен сол адамның тыныштық күйдегі
ЖЖЖ (ЖЖЖт) айырмасын білу қажет: ЖЖЖрз = ЖЖЖмакс – ЖЖЖт.
Мысалы, ЖЖЖмакс 200 екп/мин, ЖЖЖт 70 екп/мин. болса, ЖЖЖрз
130 екп/мин. ЖЖЖж мен ЖЖЖт арасындағы айырмашылықты
ЖЖЖ жұмыс өсімі көрсеткіші (ЖЖЖжө) деп атайды. ЖЖЖ салыс-
тырмалы жұмыс өсімі көрсеткіші (ЖЖЖсжө) пайызбен өрнектелген
ЖЖЖжө-нің ЖЖЖрз-не қатынасы: ЖЖЖсжө= (ЖЖЖжө/ЖЖЖрз)
* 100%. Айталық, біздің мысалымызда ЖЖЖж 160 екп/мин. деп
алсақ, ЖЖЖжө (160-70) 90 екп/мин. тең. ЖЖЖрз (200-70) 130 екп/
мин. болғаны белгілі, сонда ЖЖЖсжө 70%-ға жуық (90/130*100%)
болады.

    ЖЖЖ көрсеткіші бойынша жаттығу жүктемелері

           244

⇐ МАЗМҰНЫ
   239   240   241   242   243   244   245   246   247   248   249