Page 245 - indexf
P. 245

қарқындылығын анықтау үшін табалдырықтық, ең жоғары («шың»
мәні) және орташа ЖЖЖ мәндері қолданылады. Табалдырықтық
ЖЖЖ егер бұл көрсеткіш төмен болса, жаттығу әсері болмайтын
ЖЖЖ-нің (қарқындылығы) ең төменгі мөлшері. Ең жоғары ЖЖЖ
қол жеткізу мүмкін болатын ЖЖЖ-нің (қарқындылығы) ең жоғары
шамасы, бірақ ол жаттығу барысында одан әрі жоғарыламауы тиіс.
Орташа ЖЖЖ аталмыш дене шынықтыру сабақтары жүктемелерінің
орташа қарқындылығына сәйкес келетін ЖЖЖ мөлшері.

    Дене тәрбиесімен айналысатын жас ерлер мен әйелдердің
жаттығу жүктемелері қарқындылығын анықтау үшін 12-кесте-
де көрсетілген ЖЖЖ-нің салыстырмалы көрсеткіштері бойынша
бағдарлауға болады.

                                                                            12-кесте
  Төзімділік жаттығулары үшін үлгідегі ЖЖЖ салыстырмалы

                                 көрсеткіштері

Көрсеткіш          Салыстырмалы Салыстырмалы

                   ЖЖЖ, %  жұмыс өсімі, %

Табалдырықтық ЖЖЖ    75      60
   Ең жоғары ЖЖЖ     95      90
     Орташа ЖЖЖ    85-95   80-90

    Мысалы, егер бозбала үшін ЖЖЖмакс 200 екп/мин. болса, онда
табалдырықтық, ең жоғары және орташа жаттығу ЖЖЖ сәйкесінше,
150екп/мин. (200-дің 75%-ы), 190 екп/мин. (200-дің 95%-ы) және
170- 190 екп/мин. (200-дің 85-95%-ы).

    Неғұрлым функциялық дайындық деңгейі (төзімділік) төмен
болған сайын, соғұрлым жаттығу жүктемелерінің (абсолютті
және салыстырмалы) қарқындылығы төмен болуы тиіс. Жаттығу
сабақтары ЖЖЖ (ЖЖЖмакс немесе ЖЖЖсжө%) мен О2 максималды
пайдалану жылдамдығының (% ОМП) салыстырмалы деңгейлері
төменірек кезде өту керек.

    Мәселен, жүгірумен айналысу ОМП 50-60% немесе ЖЖЖмакс
60-70% деңгейінде ұсынылады. Бұл жағдайда ЖЖЖ бойынша
жаттығу жүктемесін анықтау қарапайым формуламен: 180-жас
(жылмен) жүргізіледі. Шыныққандық артқан сайын жүктеменің
салыстырмалы қарқындылығы біртіндеп, ОМП 80-85% (ЖЖЖмакс
95%-ға дейін) жоғарылап отыру қажет.

                   245

⇐ МАЗМҰНЫ
   240   241   242   243   244   245   246   247   248   249   250