Page 247 - indexf
P. 247

2. Лактацидтік (гликолиздік);
    3. Аэробтық (оттектік, тотығу) энергиялық жүйелер іске
қосылатын.
    Анаэробтық және аэробтық энергиялық жүйелерге сәйкес бар-
лық жаттығуларды анаэробтық және аэробтық деп екіге бөлінетіні
белгілі. Біріншісінде энергия өнімділіктің анаэробтық, екіншісінде
аэробтық бөлімдері басым болып келетін.
    Қазіргі кезде Еуропада жүктеме табалдырықтарын анықтаудың
келесідей әдістері жиі қолданылады.
    Аэробты табалдырық (АэТ) дегеніміз басқаларына қарағанда
жоғары болып, қандағы лактат мөлшері тұрақты деңгейде сақтала-
тын минимальді жылдамдық (52-сурет).

                      АӘ

    52-сурет. Қандағы лактат мөлшері бойынша аэробты табалдырықты
                                           анықтау

    52 А-сурет бойынша лактат мөлшері мәнінің аэробты механизм-
дерден кейін, қажетті анаэробты механизмдердің «өшірілуі» сал-
дарынан төмендеу тенденциясы байқалады. Бұл жағдайда аэробты
табалдырықтан төмен мәнді көреміз. Ал аэробты табалдырыққа
жеткеннен кейін анаэробты механизмнің қосылуынан қандағы лак-
тат концентрациясы артып отырып, шамамен, 2 ммоль/л-ге жеткенде
тұрақтанады (52 Ә-сурет).

    Аэробты табалдырық – бұлшық еттерде сүт қышқылы
жинақталып үлгермеген максималды жүректің жиырылу жиілігі
(ЖЖЖ). Шыныққан спортшының аэробты табалдырығы көбіне,
орта есеппен, 170-180 екп/мин. болады (В. Бубликов).

                                      247

⇐ МАЗМҰНЫ
   242   243   244   245   246   247   248   249   250   251   252