Page 248 - indexf
P. 248

Сонымен, аэробты табалдырықтан жоғары болса, тіпті, жүктеме
қарқындылығы бұрынғы деңгейде қалса да қандағы лактат мөлшері
арта береді. Бұл табалдырықтан төмен болғанда глюкоза оттегі
көмегімен (аэробтық – оттектік, тотығу арқылы) ыдырайды, ал
бұл мәннен жоғары болғанда организм анаэробты режимде жұмыс
істей бастайды. Нәтижесінде бұлшық еттер оттегімен аса қанығып,
бұлшық еттің ауырсыну сезімін тудырады. Сонымен қатар жүктеме
аэробты табалдырықтан жоғары болған кезде белоктардың ыдырауы
басталып, ал майлардың ыдырауы тоқтайды.

    Анаэробты табалдырық (АнТ) – басқаларына қарағанда жоғары
болып қандағы лактат мөлшері тұрақты деңгейде сақталатын макси-
малды жылдамдық (53-сурет).

53-сурет. Қандағы лактат мөлшері бойынша анаэробты табалдырықты
                                        анықтау

    Егер біз АэТ-тан жылдамдықты біраз арттырсақ, жүректің жиы-
рылу жиілігі (ЖЖЖ) қатар жоғарылайды және лактат мөлшері
де арта түседі. Мысалға, 1-ден 2 ммоль/л дейін өтіп, жаңа мәнге
жетісімен ол өзгеріссіз қалады. Анаэробты табалдырықтағы лак-
тат мөлшері шамамен, 4 ммоль/л жуық болады. АнТ жоғары болған
кезде жылдамдықпен қатар ЖЖЖ жоғарыламайтынын атап өткен
жөн. Жаттыққан спортшыларда АнТ шамамен ЖЖЖмакс-нің 95%-
ына тең. АнТ туралы дене сапаларын жетілдірудің физиологиялық
механизмдері 7-тарауда да баяндалған.

           248

⇐ МАЗМҰНЫ
   243   244   245   246   247   248   249   250   251   252   253