Page 249 - indexf
P. 249

Жаттығу жүктемелерінің ұзақтығы
    Жаттықтыру жүктемесі жаттығу әсерін тудыру үшін жеткілікті
ұзақ болуы тиіс. Бұл жаттықтыру сабақтарына, ондағы жекелен-
ген жаттығулар ұзақтығына және тұтас алғандағы жаттығу цикліне
қатысты. Бір жағынан, жаттығу жүктемелерінің қарқындылығы
мен ұзақтығы арасындағы және екінші жағынан, олардың жаттығу
әсерімен байланысы өте күрделі. Ол көптеген факторларға байла-
нысты, атап айтқанда, әсіресе, қандай физиологиялық жүйелер мен
дене қимылы сапасының жаттықтырылатынына байланысты.
    Мәселен, күніне бір рет ұзақтығы бірнеше секунд максималдыға
жуық қайталама жиырылу да бұлшық ет күшінің артуына әкеледі.
Мұндай қысқа мерзімдік жүктеме тіпті, жоғары қарқындылықты
болса да, төзімділіктің өзгеруіне (оттегі тасымалдау және оттегі
утилдеу жүйелері мүмкіндіктерінің жоғарылауына) жеткілікті
дәрежеде ықпал ете алмайды.
    Жаттығу әсері едәуір байқалатын дене шынықтыру сабақтарының
жалпы табалдырықтық ұзақтығы аэробты (төзімділік) жаттығулар
үшін – 10-16 апта (2,5-4 ай), ал анаэробты (күштік-жылдамдық)
жаттығулар үшін – 8-10 апта (2-2,5 ай) болады. Жүгірумен айна-
лыса бастаған адамдарда 2-3 айлық жаттығудан соң (бастапқы
деңгейіне байланысты) ОМП 5-25% артса, ал 2-3 жылдан кейін ОМП
жоғарылауы 40%-ға (45-тен 65 мл/кг*мин) жоғарылайды. Ең жоғары
функциялық (спорттық нәтижелерге) көрсеткіштерге жетуге қажетті
оптималды ұзақтық жайында спортпен шұғылданбайтын адамдар,
бірнеше аптадан бірнеше жыл жаттығып жүргендер мен айтулы
спортшылар сияқты әртүрлі тұлғаларға тән мәліметтерді салыстыру
арқылы ғана әзірге бағалау мүмкін болып табылады. Алайда, мұндай
салыстыру қандай шамада айырмашылық жаттығу ұзақтығы (және
режимі) мен қандай шамада тұқым қуалай берілгенін айқындауға
мүмкіндік бермейді (Толығымен тараудың соңында баяндалады).
    Жаттығу жүктемелерінің жиілігі
    Жаттығу жүктемелерінің жиілігі сонымен бірге жаттығу
жүктемесінің басқа да параметрлерімен (қарқындылығы және
ұзақтығымен) күрделі өзара байланысты келеді әрі жаттығу
мақсаты мен түрлері әртүрлі жаттығушылар үшін бірдей емес. Дене
шынықтыру сабақтарында бірдей нәтижеге күнделікті орындала-
тын салыстырмалы қысқа (қарқынды) жаттығулар мен аптасына
2-3 рет орындалатын ұзақ мерзімдік (бірақ қарқындылығы азырақ)

           249

⇐ МАЗМҰНЫ
   244   245   246   247   248   249   250   251   252   253   254