Page 250 - indexf
P. 250

жаттығулар арқылы да жету ықтимал. Аптасына 3 реттен жоғары
дене шынықтыру сабақтары жиілігін арттыру ОМП өсіміне қатысты
қосымша жаттығу әсерін бермейді.

    Мәселен, жалпы ұзақтығы 7-13 аптаға дейін созылған интер-
валды қайталау жүктемелер режимінде орындалған жаттығудың
жиілігі аптасына 2, 4 немесе 5 рет болғанда да жас ер адамдар мен
әйелдерде орта есеппен, ОМП өсімі ұқсас болған.

    Жаттығу сабақтарының табалдырықтық жиілігі төзімділік
жаттығулары үшін аптасына 3-5 рет, жылдамдықты-күштік
жаттығулар үшін аптасына 6 рет. Жаттығу жүктемелері жиілігі
мен ұзақтығының, атап айтқанда ОМП өсіміне қатысты белгілі бір
өзара ауысымы бар. Дегенмен, егде жастағы адамдарда неғұрлым
жаттығу сабақтары жиірек әрі ұзағырақ болса, соғұрлым ОМП өсімі
жоғарырақ болады.

    Жаттығу жүктемелерінің көлемі
    Жоғарыда айтып өтілгендей, жаттығу жүктемелерінің
қарқындылығы, ұзақтығы және жиілігі бірігіп, оның көлемін
анықтайды. Егер қарқындылық мөлшері табалдырықтық немесе
одан жоғары болса, онда жалпы көлем жаттығу әсерінің артуының
маңызды факторы болып табылады. Тұтасымен алғанда, жаттығу
сабақтары (жүктеме көлемі) неғұрлым жиірек және ұзағырақ бол-
са, соғұрлым жаттығу әсері көбірек болады. Бұл әсіресе, төзімділік
жаттығуларына қатысты.
    Дене шынықтырумен шұғылданатын адамдарда қарқындылығы
төмен, ұзақтығы жоғары және керісінше, қарқындылығы жоғары,
ұзақтығы төмен болып саналатын 2 жаттығу режимі кезінде де
дене дайындығы деңгейінің жоғарылауы ұқсас келеді. Жаттығудың
жалпы энергиялық құндылығы (энергия шығындалуы тең) бірдей
болғанда жаттығу нәтижесі қолданылған циклдік жаттығулар
түрлерімен (жүгіру, жүріс, жүзу және т.б.) аса байланысты бол-
майды. Атап айтқанда, ОМП жоғарылауы жаттығу жүктемелерінің
қарқындылығы, жиілігі мен ұзақтықтарымен, яғни олардың жалпы
көлемімен тікелей байланысты және әртүрлі режимде орта есеппен,
5-25%-ға ауытқиды.
    Сонымен қатар жаттығу жүктемесінің көлемі мен жаттығу әсері
арасында сызықтық байланыс жоқ. Мысалы, жалпы көлемі аптасы-
на 2 сағаттық жүктеме ОМП 0,4 л/мин-қа арттыруы мүмкін. Апта-
сына 4 сағатқа дейін жүктеменің жалпы көлемін екі еселеу ОМП

           250

⇐ МАЗМҰНЫ
   245   246   247   248   249   250   251   252   253   254   255