Page 252 - indexf
P. 252

көбірек сипат алады. Сондықтан да сауықтыру мақсатында
қолданылатын дене шынықтыру сабақтары мен спорттық
жаттықтырудың бастапқы кезеңдерінде жалпы жаттығу әсерін
тудыратын, яғни жалпы дамытатын жаттығулар сияқты сан ал-
уан ұқсас жаттығулар кең қолданылады. Функциялық сұранысты
(функциялық дайындық) арттыра отырып, спорттық нәтижені әрі
қарай өсіру үшін жаттығу арнайылығы принципі көбірек ескерілуі
қажет. Жоғары спорттық шеберлік деңгейінде жаттықтырудың ба-
рынша жоғары әсеріне, яғни спорттық нәтиженің өсуіне сол спорт
(жарыс) түрі үшін негізгі болып табылатын спорттық жаттығуларды
жаттықтыру мақсатында қолданған кезде қол жеткізілетіндігі жалпы
ереже болып саналады.

    Қимыл дағдысына (спорттық техникаға) қатысты жаттығу
әсерінің арнайылығы

    Кез келген спорттық жаттығуды орындау бұлшық ет қызметінің
арнайы ерекшеліктерімен, яғни олардың арнайы жиынтығы,
белсенділік дәрежесі, қосылу және ажыраудың уақыттық
бірізділігімен сипатталады. Бұл аталған барлық ерекшеліктер
қозғалысты басқарудың арнайы орталық жүйке программасының
жүзеге асырылуымен анықталады. Жаттықтыру үдерісінде бұл
программа біртіндеп жетілдіріле түседі, бұл жаттығуды орын-
дау техникасының (нәтижесі мен үнемділігінің) жақсара түсуімен
көрінеді.

    Жоғары спорттық нәтижеге және (немесе) жаттығуды
орындаудың жоғары үнемділігіне жету жайында сөз қозғағанда,
оның айтарлықтай шамада қимыл дағдысының (оны орындау
техникасының) жетілуіне тәуелді болатынын атап өткен жөн.
Әрі жаттықтыру жаттығуларын таңдау кезінде жаттығу әсерінің
арнайылылығы принципі басты рөл атқаруы тиіс.

    Мысалы, егер иықтың бүккіш бұлшық еттері статикалық
(изометриялық) күші шынтақ буынының 115° бұрышында үнемі
жаттықтырылса, жаттықтырылған бұлшық еттің максималды ерік
күшінің ең жоғары өсімі осы бұрышта байқалады. Динамикалық
(изокинетикалық) жаттығу кезінде динамикалық күштің ең жоғары
өсімі жаттықтыру жүргізілген қозғалыс жылдамдығы кезінде
көрінеді. Изометриялық күштік жаттығулар көп дәрежеде бұлшық
еттің изометриялық (статикалық) күшін арттырса, ал динамикалық
күшті аз әсер етеді немесе мүлдем өзгертпейді. Динамикалық

           252

⇐ МАЗМҰНЫ
   247   248   249   250   251   252   253   254   255   256   257