Page 251 - indexf
P. 251

жоғарылауын 2 есеге, яғни 0,8 л/мин-қа дейін жоғарылатпайды, тек
0,5-0,6 л/мин-қа дейін ғана арттырады.

    Жаттығу әсерінің арнайылығы
    Бір жаттығуды жүйелі түрде орындап отыру оның соғұрлым жақ-
сы орындалуын қамтамасыз ететін организмнің арнайы бейімделуін
тудырады. Мұндай бейімделу жаттықтырылу нәтижесінің (спорттық
нәтиженің) аса жоғарылауымен және оны орындау үнемділігінің ар-
туымен көрінетін арнайы жаттығу әсерлерінде көрінеді. Сондықтан
осыған орай жаттығу программалары аталмыш жаттығуды немесе
дене (спорттық) шынықтырудың сол түрін орындауға қажетті арнайы
физиологиялық қабілетін дамытатындай болып жүктемелердің
арнайылық қағидасы бойынша құрылу қажет.
    Жаттығу әсері арнайылығы айтарлықтай дәрежеде
табалдырықтық жүктеме принципімен байланысты. Өйткені
жаттығу әсері тек жаттықтыру үдерісінде жүктеме табалдырықтық
деңгейге жететін немесе одан да асатын аталмыш жаттығуды орын-
дау үшін жетекші мүшелер, жүйелер мен механизмдерге қатысты
ғана көрініс береді. Сәйкесінше, жаттығу әсерінің арнайылығы
жаттықтыру жаттығуларының іске асырылуына қатысатын бұлшық
ет топтарының құрамы мен белсенділік дәрежесі, қозғалыс
координациясының жетіле түсуімен, жетекші дене (қимыл)
сапаларының, жетекші энергиялық жүйелер деңгейлерінің басым
болуымен немесе сөзсіз жоғарылауымен айқындалады.
    Көптеген дене жаттығулары арасынан функциялық
сұраныстарының сипаты, яғни жетекші қимыл сапасы мен
энергиялық жүйе, қозғалыс кординациясы, жаттығуға қатысатын
бұлшық ет топтарының құрамы бойынша бір-бірімен ұқсас
жаттығуларды бөліп көрсетуге болады. Бұл жағдайда әртүрлі
белгілері бойынша ұқсас жаттығуларды шынықтыру, жаттықтыру
ретінде қолдану ұқсас ортақ жаттығу әсерін тудыруы мүмкін.
    Мысалы, төзімділік пен оның физиологиялық (оттегі тасымал-
дау мен оттегі утилдеу жүйелері мүмкіндіктерінің жоғарылауы)
механизмдері жүру, жүгіру, жүзу, шаңғымен жүру, коньки тебу, вело-
сипед тебу сияқты алуан түрлі жаттығуларды жаттықтыру ретінде,
яғни шынықтыру мақсатында қолданған кезде жетілдіріледі.
    Алайда, организмге неғұрлым функциялық сұраныстар жоғары
болған сайын, соғұрлым жаттығу нәтижесінде физиологиялық
реакциялардың арнайылылығы мен олардың арнайы бейімделуі

           251

⇐ МАЗМҰНЫ
   246   247   248   249   250   251   252   253   254   255   256