Page 253 - indexf
P. 253

күштік жаттығулар жоғары дәрежеде жаттықтырылған бұлшық
еттің динамикалық күшін жоғарылатса, ал олардың статикалық
(изометриялық) күшін аз дәрежеде жоғарылатады.

    Қимыл дағдысына (спорттық техникаға) қатысты ең жоғары
жаттығу әсеріне негізгі жаттықтыру жүргізілетін жаттығуларда қол
жеткізіледі.

    Жетекші дене (қимыл) сапасына қатысты жаттығу әсерінің
арнайылығы. Бұл феноменді ашып көрсететін нақты мысал ретінде
бұлшық ет күшін жаттықтыру нәтижесінің төзімділікке аз ықпал
ететіндігін, ал төзімділік жаттығуларының көбіне, бұлшық ет
күшін өзгертпейтіндіктерін айтуға болады. Жылдамдықты-күштік
жаттығулар көп шамада спортшының жылдамдықты-күштік
қасиеттерін арттырса, ал төзімділіктің дамуына әкелетін жүйелер
мен механизмдерді аз дамытады немесе мүлдем дамытпайды.
Керісінше, төзімділікке жаттықтыру бұлшық ет қуаттылығына
жауапты жүйелер мен механизмдерді аз жұмылдыра отырып,
төзімділіктің жоғарылауына әкеледі.

    Қажетті дене (қимыл) сапасын дамыту үшін жаттықтырылатын
сапаның даму деңгейіне жауапты және осыған орай оның барын-
ша нәтижелі дамуына ықпал ететін физиологиялық жүйелер мен
механизмдерді көп дәрежеде іске қосатын арнайы жаттықтыру
жаттығулары мен режимдері қолданылуы тиіс (3-тарау, 23-суретті
қараңыз).

    Белсенді бұлшық ет тобы құрамына қатысты жаттығу
әсерінің арнайылылығы. Бұл феномен жайында барынша жоғары
функциялық көрсеткіштер мен ең жоғары үнемділік негізгі
жаттықтырылатын бұлшық ет топтарын жұмылдыра орындалатын
жаттығуларды орындау кезінде көрінуі куәландырады. Мысалы,
білікті спортшыларда ОМП ең жоғары деңгейі арнайы (жарыстық)
жаттығуларды орындау кезінде тіркелген. Жаттықпаған адамдарда
ОМП ең жоғары мәні тредбанда жүгіруде, ескек есушілерде ескек
есу кезінде, велосипедшілерде велоэргометрде жұмыс кезінде,
конькишілерде конькимен жүгіру кезінде байқалған. Жаттықпаған
адамдарда ОМП тредбанда жүгіруге қарағанда жүзу кезінде төмен.
Жүзгіштің біліктілігі артқан сайын соғұрлым оның ОМП жүгіру
кезіндегі мәніне тақай бастайды.

    Белсенді бұлшық ет тобы құрамына қатысты жаттығу әсерінің
арнайылығына жаттығуға дейінгі және кейінгі бір адамдарға
жүргізілген зерттеу нәтижелері нақты дәлел болып табылады.

                                      253

⇐ МАЗМҰНЫ
   248   249   250   251   252   253   254   255   256   257   258