Page 254 - indexf
P. 254

Жаттығу әсерінің арнайылығы кей жағдайларда белсенді
бұлшық ет массасының құрамымен ғана емес, сонымен бірге оның
көлемімен де анықталады. Әсіресе, бұл төзімділік жаттығуларына
қатысты жақсы көрінеді. Осымен бір жағынан, көптеген бұлшық
ет топтарының белсенді қатысуымен орындалатын жүгіру
жаттығуларының велоэргометрге (велосипедке) немесе жүзуге
қарағанда неғұрлым тиімдірек болатыны түсіндіріледі.

    Сыртқы ортаның әртүрлі жағдайларында көрінетін жаттығу
әсерінің арнайылығы. Жаттығу сыртқы ортаның белгілі бір
жағдайларында орындалады. Сәйкесінше спортпен жаттығушы
организміндегі адаптациялық өзгерістер осы қоршаған орта
жағдайларына оның барынша оптималды бейімделуін қамтамасыз
етеді. Мәселен, жазықта жүргізілген төзімділікке жаттықтыру
үдерісінде дамыған арнайы адаптациялық өзгерістер төзімділіктің
осы арнайы жағдайларында жоғарылауына әкеледі. Сондықтан
да биіктіктің гипоксиялық жағдайларына жоғары тұрақтылықты
қамтамасыз етуде оптималды және тіпті, барабар болып табыл-
майды. Бұл бір жағынан, неліктен көбіне мықты жаттыққан
спортшылардың жаттықпаған адамдарға қарағанда гипоксиялық
жағдайға ерекше жоғары тұрақтылыққа ие болмауын түсіндіреді.
Керісінше, сыртқы ортаның гипоксиялық жағдайларында ұзақ уақыт
болу үдерісінде осы арнайы жағдайда жаттығушы организмінде
оның жұмысқа қабілеттілігін жоғарылатуға әкелетін арнайы
адаптациялық өзгерістер туындайды. Сонымен қатар спортшының
мұндай биіктікте жаттығуының акклиматизациялық бейімделуі
жазықтағы сияқты басқа арнайы жағдайларда жұмыстарды орындау
кезінде елеулі артықшылықтар бермейді.

    Бейтарап температуралық жағдайларда жүргізілген ешқандай
жаттығу толығымен арнайы жылуға бейімделуді алмастыра ал-
майды, яғни арнайы акклиматизация жүргізілмесе, спортшыда
жаттықтыру әсерлері (функциялық дайындық, спорттық нәтиже)
үнемі дайындық өткен бейтарап жағдайларға қарағанда ыстық және
ылғалды ауа ортасында төмен болады.

    Жоғарыда айтылғандар спортшы дайындығы жарыс өткізілетін
жағдайларда жүргізілу қажеттігін көрсетеді.

    Жаттығу әсерінің кері қайтымдылығы
    Жаттығу әсерінің бұл қасиеті табалдырықтық деңгейден төмен
болатын жаттығу жүктемелері кеміген кезде біртіндеп азаюымен

           254

⇐ МАЗМҰНЫ
   249   250   251   252   253   254   255   256   257   258   259