Page 255 - indexf
P. 255

немесе жаттығуды толық тоқтатқанда мүлдем жойылып кетуімен
көрінеді. Жаттығу жүктемелерін жоғарылатқаннан соң немесе
жаттықтыруды қайта бастағанда қайтадан жаттығудың оң әсерлері
көріне бастайды. Дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылданатын
адамдарда жұмыс қабілеттіліктің айтарлықтай төмендеуі жаттығу
әсері тоқтағаннан соң 2 аптадан кейін-ақ байқалса, ал 3-8 ай-
дан соң дене дайындығының деңгейі жаттыққанға дейінге мәнге
жетіп жығылады. Әсіресе, жаттығу әсері (тиімділігі) жаттығуды
тоқтатқан соң немесе жаттығу жүктемелерін шұғыл төмендеткеннен
кейін алғашқы кезеңдерде тез азаяды. Жаттықтыру нәтижесінде
қол жеткізілген оттегі тасымалдау жүйесі қызметі функциялық
көрсеткіштерінің өсімі алғашқы 1-3 айда екі есеге дейін төмендейді.
Дене шынықтырумен өте ұзақ уақыт бойы шұғылданбаған тұлғалар-
да жаттықтырудың оң әсерінің көбі жаттығуды тоқтатқаннан кейінгі
1-2 айда жоғала бастайды. Тіптен, жоғары дәрежеде жаттыққан
спортшылардың өзінде зақым алуға, т.б. байланысты жаттығу ба-
рысында орын алған қысқа үзілістер дене жұмыс қабілеттілігінің
елеулі төмендеуін тудырады.

    Жаттығуды тоқтатудың теріс әсерлерінің көрінуінде оның
ұзақтығы ғана емес және гипокинезия дәрежесі де айтарлықтай рөл
атқарады, яғни неғұрлым жаттығуды тоқтатқаннан кейінгі кезеңде
адамның жалпы қозғалыс белсенділігі жоғары болған сайын,
соғұрлым жаттығу әсері баяуырақ және азырақ төмендейді.

    Ұзақ мерзімдік гипокинезия аз белсенділіктің бастапқы
кезеңдерінде жылдамырақ жүретін ОМП төмендеуін тудырады. Ги-
покинезия ең алдымен, оттегі тасымалдау жүйесінің, бірінші кезекте
жүрек-тамыр жүйесінің максималды мүмкіндіктерінің төмендеуіне
әкеледі.

    Жаттығуды тоқтату бұрын жаттыққан бұлшық
еттердегі қылтамырлар санының (тығыздығының) азаюына
(декапилляризацияға), бұлшық ет талшықтарының жіңішкеруіне
(гипотрофиясына), олардың тотығу потенциалының, әсіресе, баяу
бұлшық ет талшықтарындағы төмендеуіне әкеледі.

    Жаттығу әсерінің қайтымдылығы қасиеті жүктеме қарқынды-
лығы жеткілікті (табалдырықтық немесе табалдырықтан жоғары)
болатын жаттығу сабақтарының уақтылы өтуін талап етеді. Бұл
қасиет жаттығудың қайталамалық және жүйелілік педагогикалық
принципі негізінде жатқан маңызды биологиялық фактор. Атал-

           255

⇐ МАЗМҰНЫ
   250   251   252   253   254   255   256   257   258   259   260