Page 256 - indexf
P. 256

мыш принципті жүзеге асыру (жаттығу режимін анықтау) кезінде
жаттығудың мақсатын ескеру қажет, өйткені жаттықтыру әсерін
сақтау үшін жаттығу әсерін жоғарылатуға қарағанда азырақ және
неғұрлым сирегірек жаттықтыру жүктемелері жеткілікті.

    Мәселен, дене шынықтырумен шұғылданушыларда аптасына 2
ретке дейін жаттығу жиілігін төмендету ОМП мөлшері мен басқа да
(бірақ барлығын емес) жаттығу әсерінің функциялық көрсеткіштерін
салыстырмалы тұрақты деңгейде ұстап тұруға (бірақ жоғарылатуға
әкелуге емес) мүмкіндік берді. Жаттығу жиілігін аптасына 1 рет-
ке дейін азайту жаттығудың оң әсерінің жоғалуын тек кешеуілдетті,
бірақ оның жойылмауына жол бермеді.

                                 Шыныққандық

    Жаттығу үдерісін дұрыс ұйымдастыру арнайы жүктемелерге
спортшының бейімделуі күйіне немесе шыныққандық күйіне
әкеледі.

    Шыныққандық дегеніміз – жүйелі түрде жаттығу ықпалынан
тірі организмнің қызметтік мүмкіндіктерін өзгерте алу қасиеті.
Ол адамның дене жаттығуына қабілеттілігін және оның жүйелі
орындалған арнайы дене жаттығулары ықпалынан өзінің ар-
найы қызметтік мүмкіндіктерін жоғарылату қабілетін сипаттай-
ды. Шыныққандық сандық жағынан (шыныққандық дәрежесі)
жаттығу әсерінің мөлшерімен бағалануы мүмкін, яғни неғұрлым сол
жаттықтыруға организм көбірек жауап берген сайын, сәйкесінше,
соғұрлым шыныққандық жоғары болады.

    Шыныққандық жынысы мен жасы әртүрлі адамдарда
айтарлықтай айырмашылыққа ие, яғни оларға берілген сол бір
жүктеменің өзі оларда бірдей әсер тудырмайды. Тіптен жасы да, жы-
нысы да бірдей бір топтың ішінде шыныққандықтың өте үлкен же-
ке-дара вариацияларын орын алған.

    Шыныққандыққа жаттығу әсері арнайы болған сияқты, оған
да арнайылық тән. Мысалы, бір адамдар күштік жаттықтыру
кезінде шыныққандықтың жоғары дәрежесін көрсетсе, алайда,
төзімділікке жаттықтыру кезінде ол байқалмауы мүмкін. Басқалар,
керісінше,төзімділік жаттығуларына жоғары қабілетті болып келсе,
дегенмен, күштік жаттықтыруға жауап ретінде оларда бұлшық ет
күшінің айтарлықтай өсімі орын алмайды.

                                      256

⇐ МАЗМҰНЫ
   251   252   253   254   255   256   257   258   259   260   261