Page 257 - indexf
P. 257

Бірдей жаттығу тек шыныққандықта тұрған айырмашылықтан
ғана емес түрлі адамдарда әртүрлі әсер тудыруы мүмкін. Қандай
да бір дене сапасын жаттықтырудың (белгілі бір жаттығуларда
спорттық нәтиженің жоғарылауы) бір әдісі бір адамдарға барынша
ықпал етсе, жаттықтырудың өзге әдісі басқалар үшін тиімді болады.
Осыған орай, бірдей жаттықтыру әдісін қолдану әртүрлі адамдарда
сол дене шынықтырудың түріне шыныққандықты әртүрлі дәрежеде
дамытуы ықтимал.

    Жасы-жынысы бойынша бір топқа жататын адамдардың
шыныққандық дәрежесі айтарлықтай шамада функциялық
көрсеткіштердің (спорттық нәтиженің) бастапқы (жаттықтыруға
дейінгі) деңгейімен анықталады. Түрлі мүшелер, жүйелер, ме-
ханизмдер қызметтік мүмкіндіктерін және тұтас организмнің
функциялық дайындығын (жаттығу дәрежесін) сипаттайтын әртүрлі
көрсеткіштер жаттықтыру ықпалынан бірдей өзгермейді. Дегенмен,
жалпы ереже бойынша неғұрлым осы көрсеткіштердің бастапқы
(жаттықтыруға дейінгі) деңгейлері төмен болған сайын, соғұрлым
олар өзгеріске көбірек ұшырайды. Неғұрлым адамның жаттығу
деңгейі (функциялық дайындығы) төменірек болса, соғұрлым оның
шыныққандық дәрежесі жоғары болады.

    Я. К. Коц бойынша жаттықтыру әсерінің даму жылдамдығы
мөлшері бойынша шыныққандықтың 4 нұсқасы бар:

    1.	Жоғары жылдам шыныққандық (үлкен және жылдам өсетін):
жүйелі жаттығудың алғашқы кезеңдерінде барынша жылдам өсіп
барып, содан соң «қанығу деңгейіне» (мүмкіндігінше максималды
жаттығу әсеріне) баяу (асимптотикалық-нышансыздық) жуықтай
отырып, аз өзгеретін үлкен әсер;

    2.	Жоғары баяу шыныққандық (үлкен, бірақ баяу): біртіндеп,
баяу өсіп отыратын үлкен жаттықтыру әсері;

    3.	Төмен жылдам шыныққандық (үлкен емес, бірақ жылдам
өсетін): жүйелі жаттығудың салыстырмалы қысқа кезеңінде-ақ
көрінетін және тез артатын, әрі қарай аз өзгеріске ұшырайтын үлкен
емес жаттықтыру әсері;

    4.	Төмен баяу шыныққандық (үлкен емес және баяу): жүйелі
түрде жаттықтыру үдерісінде баяу өсетін азғантай жаттығу әсері.

    Жоғарыда айтылып өткендей, шыныққандық дәрежесі
айтарлықтай шамада организмнің физиологиялық қызметтерінің
бастапқы деңгейімен байланысты. Бұл деңгей адамның өмір сал-

           257

⇐ МАЗМҰНЫ
   252   253   254   255   256   257   258   259   260   261   262