Page 258 - indexf
P. 258

тымен, атап айтқанда, дене белсенділігі, тамақтану сипаты және
бұрынғы жаттықтырылуы дәрежесімен анықталады. Деген-
мен, адамның қызметтік мүмкіндіктерін, сонымен қатар жаттығу
ықпалынан туындайтын олардың өзгерістерінің максималды мүмкін
болатын дәрежесін, яғни шыныққандықты анықтауда генотип
түсінігінің аясына біріктірілген тұқым қуалай берілетін генетикалық
факторлар айтарлықтай рөл атқарады.

    Тұқым қуалайтын факторлардың рөлін зерттеу үшін бір
жұмыртқалы (монозиготалы) генетикалық идентивті егіздер мен екі
жұмыртқалы (дизиготалы) генетикалық идентивті емес егіздердің
белгілі бір антропометриялық, морфологиялық және физиология-
лық көрсеткіштерін салыстыру ең кең қолданылатын әдістердің
бірі. Мұндай салыстыру тұқымқуалаушылық коэффициентін (Н)
анықтауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіштің мөлшері бойынша
аталмыш белгінің (көрсеткіштің) генотипке тәуелділігі дәрежесі жа-
йында бағалауға болады. Егер тұқымқуалаушылық коэффициенті 1,0-
ге тең болса, онда тұқымқуалаушылық сол белгінің (көрсеткіштің)
жеке-дара вариативтілігін анықтайтын жалғыз себеп ретінде
қарастырылады. Егер тұқымқуалаушылық коэффициенті нөл мен
бір арасындағы интервалда болса, белгі бір жағынан, сыртқы орта
факторы ықпалына ұшыраған, ал екінші жағынан, тұқым қуалай
берілгендігін көрсетеді.

    Түрлі физиологиялық қызметтер деңгейін анықтауда
тұқымқуалаушылықтың рөлі бірдей болмайды. Ең алдымен,
адамның көптеген функциялық көрсеткіштері дене мөлшері мен
пішіміне, оның жеке буындары және жүрек, өкпе, қолқа диаметрі,
т.б. сияқты кейбір ішкі мүшелердің мөлшеріне белгілі бір дәрежеде
тәуелді болады. Көпшілік антропометриялық және морфологиялық
белгілер генетикалық бақылауда болады және сондықтан да олар-
мен байланысты функциялық қасиеттердің тұқым қуалайтын
уағдаластығын алдын ала анықтайды (54-сурет).

    Сыртқы тыныс алу қызметі белгілі бір дәрежеде генетикалық
болжап қойылған. Бұл сыртқы тыныс алудың өкпенің жалпы
сыйымдылығы, қалдық және резервтік көлем, өкпенің тіршілік
сыйымдылығы сияқты көрсеткіштеріне қатысты. Солай бола тұрса
да, бұл көрсеткіштердің дене мөлшерімен байланысына негізделген
болуы да ықтимал. Тыныс жиілігінің, сонымен қатар дене массасына
шаққандағы салыстырмалы өкпелік көлем мен сыйымдылықтың ге-

           258

⇐ МАЗМҰНЫ
   253   254   255   256   257   258   259   260   261   262   263