Page 259 - indexf
P. 259

нотипке тәуелділігі мүлдем байқалмайды. Сонымен бірге тынысты
кідірту ұзақтығы, гипоксияға (изокапниялық гипоксияға) сыртқы
тыныс алу реакциясы ерекшеліктері генетикалық факторлардың
елеулі ықпалында болады.

 54-сурет. Оттегіні максималды пайдалануды (ОМП немесе VO2max)
монозиготалы мен дизиготалы егіздерде және егіз емес ағалы-інілерде

               салыстыру (A. Giovanelli мәліметтері бойынша)

    Жүрек-тамыр жүйесі қызметінің тұқымқуалаушылық
факторларының ықпалында болатындығына күмән жоқ. Алай-
да, әртүрлі көрсеткіштерге бірдей ықпал етпейді. Тыныштықтағы
ЖЖЖ аса бұл ықпалда болмайды, алайда, егер жаттықпаған адам-
дарда тыныштық күйде ЖЖЖ 60 екп/мин-тан төмен болса, ереже-
ге сәйкес олардың Тұқым қуалай спортқа бейім екендігін көрсетеді.
Максималды ЖЖЖ жасқа және жынысқа қарамай генетикалық
(тұқымқуалаушылық коэффициенті) алдын ала анықталған.

    Генетикалық факторлардың жүректің қан айдауы мен қанның
систолалық көлем мөлшеріне ықпалы анық емес, дегенмен жүректің
жалпы көлемі кейбір тұқымқуалаушылықпен тәуелділікте болаты-

           259

⇐ МАЗМҰНЫ
   254   255   256   257   258   259   260   261   262   263   264