Page 260 - indexf
P. 260

ны айқындалған. Тұқымқуалаушылық факторлары айтарлықтай
шамада сол жақ қарыншаның жуандығын немесе массасын
(тұқымқуалаушылық коэффициенті 0,55-0,70) және жүректің тамыр-
лар торының (капилляризация) ерекшеліктерін, жүрекке қан апа-
ратын артерия тамырлары қабырғасының жуандығы мен олардың
миокард қабырғасындағы таратылуын анықтайды. Төзімділік
жаттығулары ықпалынан генетикалық идентивті егіздердің жүрек-
тері мөлшерлеріне тән ұқсастықтардың арта түсуі қызғылықты жайт.

    Тыныштық күйде артериялық қан қысымы деңгейінің
тұқымқуалаушылықпен тәуелділігі туралы мәліметтер қайшылыққа
толы. Кейбір мәліметтер бойынша артериялық қан қысымы қалыпты
адамдарда жалпы генетикалық әсер систолалық қысымға қатысты
50-60%-ды және диастолалық қан қысымына қатысты 40%-ды
құрайды.

    Бұлшық ет композициялары, яғни олардағы баяу және жыл-
дам бұлшық ет талшықтарының арақатынасы генетикалық ал-
дын ала анықталған. Мәселен, монозиготалы егіздердің сол бір
бұлшық еттерінде жылдам және баяу талшықтардың арақатынасы
бірдей деуге болады. Тұқымқуалаушылық коэффициенті баяу не-
месе жылдам талшықтар үшін ер адамдарда 0,99-ға және әйелдерде
0,92-ге тең. Сонымен қатар, жылдам бұлшық ет талшықтарының екі
түрлерінің (ІІ-А мен ІІ-В) пайыздық арақатынасы мұндай «туыстық»
ұқсастыққа ие емес. Бұл сыртқы орта факторларының ықпалынан,
атап айтқанда, жаттығу нәтижесінде оларда өзара айналудың мүмкін
екендігін көрсетеді.

    Митохондриялар саны, мөлшері мен салыстырмалы мөлшері
(тығыздығы), бұлшық ет ферменттерінің белсенділігі генотипке
аз байланысты немесе мүлдем байланысты болмайды және орта
ықпалына (жаттықтыруға) аса сезімтал келеді.

    Бұлшық ет күшінің абсолютті көрсеткіштері (Ньютон)
тұқымқуалаушылыққа аз байланысты. Сонымен бірге салыстырма-
лы (дене массасына) «жалпы күш» тұқымқуалаушылықтың біршама
жоғары коэффициентіне (0,6) тең, бұл аталмыш функциялық белгінің
генетикалық механизмдермен белгілі бір уағдаластықта екендігін
дәлелдейді.

    Бұлшық ет қуаттылығының генотипке аса көп тәуелділікте
екендігі байқалады. Мәселен, монозиготалы және дизигота-
лы егіздерде Маргария тесті арқылы анықталған максималды
қуаттылыққа 0,98-ге тең тұқымқуалаушылық коэффициенті тән.

                                      260

⇐ МАЗМҰНЫ
   255   256   257   258   259   260   261   262   263   264   265