Page 261 - indexf
P. 261

Жылдам бұлшық ет талшықтарының мөлшері, салыс-
тырмалы бұлшық ет күші, қимыл реакциясы жылдамдығы,
қозғалыстың максималды жиілігі мен жылдамдығы, максимал-
ды анаэробты қуаттылық пен лактацидті энергиялық жүйелер
сыйымдылықтарының генетикалық негізделуі айтарлықтай шамада
адам қабілетінің жылдамдықты-күштік деңгейінің туа пайда болған
сипатын анықтайды. «Ұлы спринтерлер туа бітеді» деп тегін айтыл-
маса керек.

    Максималды аэробты қуаттылық (оттегіні максималды пай-
далану) барынша дәрежеде тұқым қуалай беріледі. ОМП жоғары
көрсеткіштері тек төзімділік спорт түрлері бойынша жоғары
дәрежеде жаттыққан тұлғаларда ғана емес және спортпен жүйелі
шұғылданбайтын адамдарда да тіркелген. Мысалы, дизигота-
лы егіздерде монозиготалы егіздермен салыстырғанда жоғарырақ
ОМП жұп ішілік вариабелділік аңғарылған. Туа біткен ОМП ал-
дын ала анықталуы (ер адамдарда 93,4% және 95,9% ер мен әйел
адамдарда бірге) жасқа және жынысқа байланысты ықпалдарға аз
ұшырайды. Субмаксималды аэробты жұмысқа қабілеттілік те көп
шамада генетикалық фактормен алдын ала анықталады. PWC 170
көрсеткіші үшін тұқымқуалаушылық коэффициенті 0,9 жуық.

    ОМП жоғары мәнінің, организмнің жоғары аэробты (оттегі та-
сымалдау) мүмкіндіктерін анықтайтын көптеген физиологиялық
факторлар мен механизмдердің, баяу бұлшық еттердің ұлғайған
мөлшерінің генетикалық қалыптасуы төзімділікті қажет ететін
спорт түрлерінде жоғары нәтижелерге жетуде организмнің зор
мүмкіндіктерін анықтайды («Ұлы стайерлер туа бітеді»).

    Шыныққандық дәрежесін анықтауда тұқымқуалау-
шылықтың рөлі күмән тудырмайды. Генотипі әртүрлі адамдарды
бірдей жаттықтыру бірдей нәтиже бермейді, яғни жаттықтыруға
организмнің сезімталдығы (шыныққандық) айтарлықтай шамада ге-
нотипке байланысты.

    Мәселен, монозиготалы 10 жұп егіздер 20 апта бойы төзімділік
жаттығуларына қатысқан. ОМП орташа жоғарылауы кезінде 14%
жеке-дара, өсім вариациялары өте елеулі 41%-ға дейін болған. Алай-
да, егіздерде жаттықтыру әсерінің шамасы (шыныққандық дәрежесі)
ұқсас болып келген.

    Есептеулер нәтижесі бойынша төзімділік жаттығулары ықпалы-
нан ОМП өсімінің жеке-дара вариациясының 50%-ы спортшының

           261

⇐ МАЗМҰНЫ
   256   257   258   259   260   261   262   263   264   265   266