Page 262 - indexf
P. 262

генетикалық ерекшеліктерімен анықталса, ал оның тек 20-30%-
ы ОМП деңгейінің бастапқы (жаттығу алды) мәніне байланысты
болған. Сонымен, шамамен, жаттығу әсерінің 70-80%-ы генетика-
лық тәуелділікте болып келеді, яғни организмнің тұқым қуалай
берілген ерекшеліктерімен анықталады.

    Тұқымқуалаушылық адамның дене белсенділігінің (қозғалғыш-
тығының) жалпы деңгейіне де ықпал етеді.

    Мысалы, жоғары қозғалғыштық дене белсенділігі өте жоғары
ата-аналардың балаларында 20% жағдайларда, ал «қалыпты»
ата-аналардың балаларында тек 4% жағдайларда айқындалған.
Қандай да бір спорттық шынықтыру түріне қатынастары бойын-
ша монозиготалы егіздерде тек 6%, ал дизиготалы егіздердің 85%
айырмашылық орын алған. Спорттық мамандандыруды таңдау ба-
рысында, белсенділік дәрежесі мен қол жеткізілген нәтижелердің
толық сәйкес келуі 70% монозиготалы егіздер жұбында, тек 22%
дизиготалы егіздер жұбында байқалған.

    Әрбір адамның жаттығу әсерінің өсу шегі генетикалық алдын
ала анықталған. Тіпті, жүйелі түрде жүргізілген дене жаттығулары
да организмнің қызметтік мүмкіндіктерін генотиппен анықталған
белгілі бір шегінен арттыра алмайды. Осыған орай генетикалық фак-
торлар жоғары спорттық нәтижелерге жетуде шешуші болып табы-
лады. Табиғи, генетикалық берілген аэробты мүмкіндіктер сыртқы
орта (жаттығу) ықпалдарына қарамастан жеткілікті дәрежеде
тұрақты болуы мүмкін. Атап айтқанда, ОМП өсу шегі жеке-да-
ра генотиппен лимиттелген болуы ықтимал, сондықтан ешқандай
жаттығу бұл кедергінің алдын ора алмайды.

    Тұқым қуалайтын факторлардың ықпалы белгілі бір сыртқы
орта жағдайларында, атап айтқанда, денені жаттықтыру үдерісінде
көрініс береді. Басқаша айтқанда, тұқым қуалайтын факторлар мен
орта факторлары өзара әрекет етеді. Жоғарыда айтылғандар айту-
лы спортшылар организмінің арнайы қызметтік мүмкіндіктерінің
жоғары екендігін және оның жоғары шыныққандығын анықтайтын
бірегей генотипке ие екендігін көрсетеді. Сайып келгенде, «ұлы
стайерлер мен спринтерлер туа бітеді» тіркесі тек кейбір адамдардың
ғана генетикалық бейім келетіндігін білдіреді, алайда, ол адамдардың
айтулы спортшы болуы тек арнайы жаттықтыру нәтижесінде ғана
жүзеге асырылады.

    Сайып келгенде, тұқымқуалаушылық факторларының ықпалы

           262

⇐ МАЗМҰНЫ
   257   258   259   260   261   262   263   264   265   266   267