Page 263 - indexf
P. 263

дене сапаларының даму деңгейін анықтайды. Жаттықтыруға ең
аз «көндігетін» сапаларға шапшаңдық, иілгіштік, жылдамдықты-
күштік мүмкіндіктер жатады. Оттегіні максималды пайдала-
ну (ОМП), анаэробтық мүмкіндіктер, жүректің жиырылу жиілігі
(ЖЖЖ) максималды мәні, өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС)
және т.б. көптеген физиологиялық көрсеткіштердің өзгерістері
генетикалық негізделген.

Тыныштық күйде спортшылардың функциялық дайындығын
                                     тестілеу

    Тыныштық күйде адам организмінің морфологиялық, функция-
лық және психофизиологиялық көрсеткіштерінің ерекшеліктері
белгілі бір дене жүктемесіне оның функциялық дайындығының
дәрежесін сипаттайды.

    Спорттағы функциялық тестілеу ерекшеліктері
    Спортшылардың функциялық дайындығын тестілеу үшін
жауапты, маңызды жарыстардағы мықты спортшылардың си-
паттамасы берілген чемпион моделі қолданады. Бұл моделден
спорттық формадағы спотшылардың арнайы дене, техникалық және
тактикалық дайындықтары сипаттамасын біріктіретін шеберлік
моделі немесе спорттық-маңызды сапалары алынады. Осыдан
функциялық дайындықтың барынша ақпараттық көрсеткіштері
немесе мұнан да кең көлемде функциялық және психологиялық
дайындық, морфологиялық ерекшеліктер, жас пен спорттық өтілі
(стажы) кіретін спорттық мүмкіндіктер моделі анықталады. Мұндай
әдіс спортшы дайындығының мақсатты міндеттерін және оның жеке
өзіне тән спорттық болашағын анықтауға мүмкіндік береді.
    Жұмысқа организм бейімделуінің жеке дара ерекшеліктерін
бағалау үшін нақты бір адамның түрлі морфологиялық-
физиологиялық және психологиялық-физиологиялық көрсеткіштері
туралы мәліметтер алуға мүмкіндік беретін кешенді тестілеу
жүргізу қажет. Жаттығу үдерісінде спортшы организмінің түрлі
мүшелері мен жүйелерінің күйін зерттейтін бақылаудың оперативті
(жедел) немесе ағымдағы бақылау, сатылы (этапты) бақылау және
тереңдетілген медициналық тексеру сынды түрлерін қолданады
(бақылау түрлерінің сипаттамасы 13-тарауда баяндалады).

           263

⇐ МАЗМҰНЫ
   258   259   260   261   262   263   264   265   266   267   268