Page 264 - indexf
P. 264

Тыныштық күйдегі функциялық дайындық көрсеткіштері
    Спортшының орталық жүйке жүйесінде жүйке орталықтары
лабилділігінің жоғары деңгейі, оптималды қозғыштық және жүйке
үдерістерінің жақсы қозғалғыштығы (қозудың тежелуге алма-
суы және керісінше) байқалады. Барынша шапшаңдық сапасы-
на ие спортшының қимыл реакциясының уақыты қысқа бола-
ды, тыныштық күйдегі ЭЭГ-да секундына 11-12 тербеліс болатын
мидың биоэлектрлік белсенділігі альфа-ырғағының жоғары жиілігі
көрінеді. Мысалы, секундына 8-9 тербелісті құрайтын шаңғышы-
жарыскер мен күрескерлерден айырмашылығы 1 санаттағы және
спорт шеберлері баскетболшыларының 80%-да осы мән (11-12
тербеліс) болады.
    Білікті спортшылардың қимыл аппараты сүйектердің барынша
беріктілігі мен жуандығымен, бұлшық еттердің айқын жұмыс ги-
пертрофиясымен, олардың жоғары лабилділігі мен қозғыштығымен,
қимыл жүйкелері арқылы қозу өтудің жоғары жылдамдығымен,
бұлшық еттік гликоген мен миоглобин қорларымен, ферменттердің
жоғары белсенділігімен ерекшеленеді. Бұлшық еттердің жақсы
иннервациясын (жүйкемен жабдықталуын) жүйке-бұлшық ет
синапстарының жуандауы мен олардың санының артуы дәлелдейді.
Спортшыларға бұлшық етті ерікті жиырылтудың (ширықтыру)
жоғары көрсеткіштері және осымен қатар олардың өте жақсы
босаңсуы, яғни бұлшық ет қаттылығы (беріктілігі) амплитудасының
жоғары шамасы тән.
    Спортшыларда зат алмасу белок пен көмірсу қорларының артуы-
мен, негізгі алмасу деңгейінің төмендеуімен сипатталады, мұнда тек
жарыс кезеңінде ғана негізгі алмасу қалпына келудің жеткіліксіздігі
салдарынан жоғары болуы мүмкін.
    Спортшылардың тыныс алуына келсек, оларда өкпенің тіршілік
сыйымдылығы (ӨТС) 6-8 л дейін ұлғайған, яғни тыныс алу беткейі
кеңейген, тыныс тереңдігі артқан, осылардың ықпалы өкпе венти-
ляциясын жақсартады және тыныс жиілігін 10 минутта 6-12 дем
алуға дейін төмендетеді. Тыныс алуға қатысатын бұлшық еттер
жақсы дамыған және неғұрлым төзімдірек болып келеді. Мұны
ӨТС қайталап анықтау барысында өзінің жоғары мәнін сақтап
тұру қабілетінен байқауға болады. Тыныштық күйдегі минуттық
тыныс көлемі тыныс жиілігі мен тереңдігінің (көлемінің) қарама-
қарсы өзгерістері салдарынан өзгеріссіз болғанымен, дегенмен,

           264

⇐ МАЗМҰНЫ
   259   260   261   262   263   264   265   266   267   268   269