Page 265 - indexf
P. 265

максималды өкпелік вентиляция шынықпаған адамдармен (60-
120 л/мин) салыстырғанда жаттыққан тұлғаларда (100-120 л/мин)
айтарлықтай жоғары болады. Спортшыларда, әсіресе, синхрон-
ды жүзу мен сүңгуде тынысты кідірту ұзақтығы артқан, бұл ты-
ныс алу орталығының төмен қозғыштығын және жақсы анаэробты
мүмкіндіктерін көрсетеді.

    Спортшылардың жүрек-тамыр жүйесінде де адаптивті
өзгерістер байқалады. Жаттыққан жүрек үлкен көлем мен жүрек
бұлшық етінің жуандығына ие болып келеді. Төзімділікке
жаттықтыру кезінде (стайер-желаяқтарда, шаңғышы-жарыскерлерде
мен т.б.) жүрек көлемінің 1000-1200 см3 дейін ерекше ұлғаюы
байқалады. Бұл көрсеткіш жаттықпаған тұлғаларда 700 см3 болады.
Сонымен қатар 1200 см3-ге дейін болатын үлкен жүрек көлемі ұзын
бойлы баскетболшыларға да тән. Алайда, бұл шамадан аса жүрек
көлемінің өсуі жақсы емес, себебі жүрек бұлшық етінің өзін қанмен
қамтамасыз ету мүмкіндігі нашарлайды.

    Жылдамдықты-күштік жаттығуларға бейімделу кезінде
жүрек бұлшық етінің жуандауы, оның жұмыс гипертрофиясы
орын алады, ал жүрек көлемі аз дәрежеде қалыптан жоғары (800-
1000 см3) болады. Жүрек бұлшық етінің жұмыс гипертрофиясы жүрек
жұмысының қуаттылығын жоғарылатады, сонымен қатар күштік
және жылдамдықты-күштік жүктемелер жағдайында қаңқа бұлшық
еттерінің күш салуы кезінде олардағы қан ағымын қамтамасыз етеді.

    Жүректің жалпы көлемінің артуы қанның резервті көлемінің
жоғарылауымен қатар жүреді және тыныштық күйде систолалық
қан көлемі (екпінді мөлшері) еш жоғарыламаса да, дегенмен,
жұмыс кезінде олардың айтарлықтай өсуі резервті көлем есебінен
қамтамасыз етіледі. Спортшыларда, әсіресе, стайерлерде жүректің
жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) тыныштық күйде 40-50 екп/мин, кей
жағдайларда тіптен, 28-32 екп/мин. төмендейді, яғни спорттық
брадикардия байқалады. Минуттық қан көлемі нормаға (қалыпқа)
сәйкес келеді немесе одан біраз төменірек болады.

    Спорттық форма күйіндегі спортшыларда орта есеппен, 32,3%
жағдайларда спорттық гипотония – артериялық қан қысымының
100-105 мм сынап бағанасы дейін және одан да төмендеуі байқалады.
Бұл көбінесе, гимнасшылар мен стайер-спортшыларда кездеседі.
Артериялық гипотония байқалуы спорттық өтілі (стаж) және
спортшы біліктілігі деңгейі артқан сайын өсіп отырады. Спорттық

           265

⇐ МАЗМҰНЫ
   260   261   262   263   264   265   266   267   268   269   270