Page 266 - indexf
P. 266

ойындарға мамандандырылған спортшыларда керісінше, тыныштық
күйде артериялық қысым көбіне, жоғары болуы ықтимал.

    Спортшылардың қан жүйесінде эритроциттер концентрация-
сы жоғары, яғни әр литрге 6*1012 болса, гемоглобин 160 г және
одан да көп болады. Бұл қанның жоғары оттектік сыйымдылығын
қамтамасыз етеді. Жаттыққан спортшы организмінде гемоглобиннің
жалпы мөлшері (800-1000 г) шынықпаған тұлғалардағы (700 г)
қордан асып түседі. Сілтілік резервтер жоғарылаған, яғни қанның
тотығуына қарсы тұру жеңілірек түседі. Қан айналымдағы қан
көлемі де көбірек болады.

    Жоғарыда аталған барлық функциялық көрсеткіштердің қайта
құрылулары спортшылар организмінің дене жүктемелеріне жал-
пы бейімделуін, атап айтқанда таңдаулы спорт түрі жаттығуларына
ерекше функциялық дайындығын көрсетеді.

    Шыныққандықтың ең жоғары деңгейі спорттық форма (спорттық
бап) күйіне тән. Бұл күй организмнің барлық физиологиялық
жүйелерінің барынша мобильденуін, реттеуші үдерістердің
айтарлықтай күшеюін талап етеді. Тиісінше, ол спортшының жеке
дара ерекшеліктеріне, оның біліктілігіне және т.б. факторларға
байланысты ұзақ уақыт сақталмауы мүмкін. Бейімделудің мұндай
деңгейінің бағасы жоғары болып келеді, мұнда сыртқы ортаның
қолайсыз әсерлеріне организмнің реактивтілігі жоғарылайды, оның
суық тию мен жұқпалы ауруларға төзімділігі азаяды, яғни иммуни-
тет дереу төмендейді.

    Спорттық практикада жиі кездесетін спорттық бап түсінігіне дене
шынықтыру мамандары келесідей анықтама береді (Д. Оңғарбаева,
Г. Мадиева, Е. Алимханов, 2013):

    Спорттық бап – cпортшының арнайы дене жаттығуларын
орындау арқылы жоғары жетістіктерге жету қабілетінің ең жоғары
деңгейге көтерілуі.

    Спорттық бапқа келу, спортшының көптеген дайындық
түрлерін меңгеруін талап етеді, оларға физикалық қабілеттері, әдіс-
тәсілдік техникалық дайындығы, психологиялық қалпы енеді. Осы
көрсетілген талаптардың барлығының жоғары дәрежеге көтерілуі,
спорттық баптың деңгейін көрсетеді.

    Спорттық бапқа келу адам организмінде өте күрделі
биохимиялық, физиологиялық өзгерістердің пайда болуына әкеледі.
Осы кезде жүйке жүйесі жұмыстарының, бұлшық еттер, қан, тыныс
алу жүйелерінің мүмкіндігінің, дене қуатының артуы байқалады.

                                      266

⇐ МАЗМҰНЫ
   261   262   263   264   265   266   267   268   269   270   271