Page 267 - indexf
P. 267

Спорттық бапқа келу негізінен:
    1. Спорттық бапты қалыптастыру, жинақтау;
    2. Спорттық бапты сақтау, ұстап тұру;
    3. Спорттық бапты уақытша жоғалту сияқты үш кезеңнен тұрады.
    Спорттық бапқа келудің алғашқы сатысында арнайы жаттығулар
арқылы спорттық бапқа жеткізу жолдары іске асырылады. Осы
сатыда физикалық қабілеттілікті арттыру, организм қызметін
жетілдіру, спорт түріне қажетті әдіс, тәсілдер шеберлігін арттыру,
психологиялық дайындық сапасын арттыру жұмыстары жүргізіледі.
Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды толық жүзеге асыру арқылы
ғана спорттық бап талабына жету мүмкін болады.
    Егер спортшы белгіленген жұмыстарды толық орындамаса не-
месе бұрынғы жаттығу көлемінен арта алмай жатса, онда ол өзінің
бұрынғы көрсеткішін ғана қайталауы ықтимал, ал оның жоғары
көрсеткіштерге жету мүмкіндігі төмен болады.
    Екінші кезеңде спорттық бапқа келу қалыптасып, адам организмі
спорт түрі қажет ететін маманданған түрде жұмыс жасай алу
дәрежесіне жетеді. Жаттығу жұмыстарының барлығы спорт түріне
қажетті арнайы мамандану шеберлігін арттыру бағытында іске асы-
рылады.
    Осы кезеңде спорттық бап талабының барлық жақтарының
бірдей жетілуі болмауы ықтимал. Физикалық қабілеттіліктің да-
муында, әдіс-тәсілдің жетілуінде кемшіліктер, психологиялық
тұрақтылықтың болмауы сияқты жағдайлар анықталса, осы
кемшіліктермен арнайы жеке жұмыс жасау қолға алынады.
    Осы кезеңде спорттық бап талаптарына жеткен көрсеткіштердің
өз мүмкіндіктерін жылдам төмендетіп алу жағдайлары да орын алуы
мүмкін, сондықтан жаттықтырушы спорттық бапта ұстап тұрудың
жолдарын қарастыруы қажет.
    Спорттық бапты сақтау сатысында спорттық көрсеткіштердің
жақсаруы байқалады, бірақ ол әр спортшы дайындығының
ерекшелігіне байланысты бірдей болмайды. Спорттық баптың ең
жоғары сатысына жеткен кезде, жаттығу әсерінің спортшы бабы-
на әсерінің әртүрлі болуы орын алады.Ол арнайы берілген жаттығу
тапсырмаларының салдарынан, немесе басқадай сыртқы әсерлердің
болуынан пайда болады.
    Спорттық баптың уақытша жоғалуы, жалпы жаттығу
жұмыстарының төмендеуінен немесе спорттық бап түрлерінің өзара
байланыстарының үзілуінен болады.

                                      267

⇐ МАЗМҰНЫ
   262   263   264   265   266   267   268   269   270   271   272