Page 268 - indexf
P. 268

Спорттық бап құрамына енетін барлық жаттығу сапаларының
өзара байланыстарының төмендеуі немесе жоғалуы, әртүрлі уақыт
аралықтарында өтеді, ең алдымен таза спорт түріне ғана байланысты
маманданған спорттық бап сапалары төмендейді. Негізгі физикалық
қабілеттілік пен организм мүмкіндіктері өз сапаларын көп уақытқа
дейін сақтауы мүмкін.

    Спорттық бапты уақытша жоғалту, әркезде болып отыратын
қалыпты жағдай. Ол оның алдағы тұрған мақсаттарды іске асыру
үшін одан да жоғары дайындық деңгейіне жетуге жол ашады.

    Жаңа, бұрынғыдан да жоғары спорттық бапқа ену үшін, ескі
спорттық бапқа қарағанда физикалық қабілеттеріне, спорттық
шеберлікке, психологиялық дайындыққа адам организміне
қойылатын талаптардың бұрынғыдан жоғары болуын талап етеді.

    Спорттық жаттығу әрқашанда адамның шаршауы, болдыруын
жеңуі арқылы іске асырылады. Осы қиындықтарды жеңе білгенде
ғана, спортшы спорттық баптың жаңа сатысына көтеріле алады.

    Спорттық баптың жоғарғы талаптарына сәйкес болу өте жоғарғы
дәрежедегі жаттығу жүктемелерін орындау арқылы іске асырылады.

    Осы аралықта жарыстарға қатысу, адамға үлкен сынақтардан
өтуге үйретеді, шаршауды жеңудің жаңа мүмкіндігін ашады.
Спорттық бапты үнемі жоғары деңгейде ұстап тұруға тырысу,
адам организміне өз шамасынан тыс көп күш түсіреді, содан ба-
рып адамда «зорығу, болдыру» жағдайлары пайда болады. Жаттығу
жүктемелерін азайту, түрлендіру, тынығу, емдеу арқылы спортшыны
денсаулығын қалыпқа келтіреді, осы кезеңде спорттық бап төменгі
сатыда болады.

    Жылдық жаттығу циклінде спорттық бапқа ену бірнеше ең
жоғарғы кезеңдері көтерілуі ықтимал. Олар қатысатын жарыс
түрлеріне байланысты болады, сондықтан спорттық бап бір, екі, не-
месе көп кезеңді болып бөлінеді.

    Екі немесе одан да көп рет спорттық баптың шегін ұстау олардың
арасында арнайы тынығу кезеңдерін енгізу арқылы іске асырыла-
ды. Жаттығу жұмыстарын осылай жоспарлау кезінде спортшы-
ны табиғат аясында жаттықтыру, таулы аймақтарда жаттықтыру,
қалыпқа келудің жаңа түрлерін қолдану сияқты шараларенгізіледі.

    Әрбір спорттық баптардың арасындағы уақыт кезеңдерінде
спорттық баптың әдіс-тәсілдік техникалық жағы жақсы сақталады
да, көбіне физикалық қабілеттіліктері төмендейді. Жаттығудың

           268

⇐ МАЗМҰНЫ
   263   264   265   266   267   268   269   270   271   272   273