Page 269 - indexf
P. 269

өтпелі кезеңінде спорттық бапты жоғалтудың ең төменгі жағдайы
орын алады.

    Спорттық ғылымдағы ең маңызды мәселенің бірі – спорттық
бапқа келу және оны ұзақ мерізімге сақтау жолдарын табу болып
табылады (Д. Оңғарбаева және әріпт., 2013).

Спортшылардың стандартты және шекті жүктемелер кезіндегі
                   функциялық дайындығын тестілеу

    Спортшылардың функциялық дайындығы туралы тыныштық
күйдегі көрсеткіштерді есепке алған сияқты жұмыс кезіндегі түрлі
қызметтердің өзгерістері бойынша да бағалайды. Тестілеу үшін
стандартты және шекті жүктемелер қолданылады, мұнда стандарт-
ты жүктемелер ретінде зерттелушінің жасына және шыныққандық
дәрежесіне тәуелсіз барлық тұлғалар үшін қолжетімді жүктемелер
таңдап алынады. Ал шекті жүктемелер адамның жеке дара
мүмкіндіктеріне байланысты келеді.

    Стандартты және шекті жүктемелерге спортшылар
организмі реакциясының принциптік ерекшеліктері

    Стандартты және шекті жүктемелер кезіндегі шыныққан
және шынықпаған тұлғалардағы физиологиялық көрсеткіштер
өзгерістеріне принциптік айырмашылықтар тән. Стандарт-
ты жүктемелер кезінде жұмыстың қуаттылығы мен ұзақтығы
регламенттеледі. Велоэргометрде педаль айналдыру жиілігі және
меңгерілетін кедергі шамасы, степ-тест кезіндегі басқыш биіктігі
мен шығу темпі, сынама арасындағы интервал мен жұмыс ұзақтығы
және т.б. тапсырмалар барлық зерттелушілер үшін бірдей беріледі.
Бұл жағдайларда неғұрлым дайындығы жоғары адам жетілген
қозғалыс координациясы есебінен үнемді жұмыс атқара отырып,
энергия аз жұмсайды және вегетативті қызметтері мен қозғалыс ап-
параты күйі азырақ өзгерістерге ұшырайды.

    Шекті жүктемелерді орындау кезінде жаттықпаған адамға
қарағанда шыныққан спортшы көп қуаттылықпен жұмыс істейді,
көрінеу үлкен жұмыс көлемін орындайды. Жеке физиологиялық
үдерістердің үнемділігі мен тыныс алу, қан айналудың жоғары
тиімділігіне қарамастан спортшының шыныққан организмі шекті
жұмыс орындау үшін аса көп энерия жұмсайды және жаттықпаған

           269

⇐ МАЗМҰНЫ
   264   265   266   267   268   269   270   271   272   273   274