Page 270 - indexf
P. 270

адам үшін мүлдем мүмкін болмайтын моторлық пен вегетативтік
қызметтердің айтарлықтай өзгерістері орын алады.

    Жұмыс кезіндегі функциялық дайындықты тестілеу
    Спортшылардың функциялық дайындығын тестілеудің келесідей
түрлері болады:
    1) Жалпы, мамандандырылмаған тестілеу – түрлі функциялық
сынамалар, велоэргометрлік тестілер, степ-тест;
    2) Таңдаулы спорт түрі жаттығуларына барабар, мамандан-
дырылған тестілеу – берілген жылдамдықта немесе уақытта
белгілі бір арақашықтықты жүгіріп өту немесе жүзіп өту, берілген
статикалық күш салуды қажетті уақыт бойы ұстап тұру және т.б.
    Стандартты жұмыс кезінде шыныққан организмді шынықпаған
адамнан:
    1)	Неғұрлым тезірек бабына келу;
    2)	Организмнің түрлі қызметтері өзгерістерінің аз деңгейі;
    3)	Жақсы көрінетін тұрақты күй;
    4)	Жүктемеден кейін тезірек қалпына келу сияқты ерекшеліктері
ажыратады.
    Динамикалық жұмыс кезінде шыныққан спортшыда минуттық
тыныс көлемінің жоғарылауы тыныс тереңдігі (көлемі) артуы
есебінен, ал минуттық қан көлемінің өсуі систолалық қан көлемі
(екпінді мөлшер) артуы есебінен жүзеге асады. Шынықпаған адам-
дарда аталмыш көрсеткіштердің өсуі жиілік көрсеткіштер, яғни
тыныс жиілігі мен жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) есебінен
қамтамасыз етіледі.
    Статикалық жұмыстарды орындауға бейімделген спортшылар-
да статикалық күш салу феномені азырақ байқалады, яғни басқа
тұлғаларға қарағанда жүктеме кезінде тыныс алу мен қан айна-
лу қызметтерінің азырақ бәсеңдеуі және олардың жұмыстан кейін
азырақ өсуі орын алады.
    Ең көп тараған стандартты тестілер ЖЖЖ=170 екп/мин. кезінде
жұмыс қуаттылығы кезіндегі PWС170 көрсеткіші бойынша дене
жұмыс қабілеттілігін анықтау тесті және жүктемеден кейін ЖЖЖ
қалпына келу жылдамдығы бойынша бағаланатын Гарвард степ-
тест индексін (ГСТИ) анықтау болып табылады. PWС170 көрсеткіші
спортпен шұғылданбайтын тұлғаларда 1060 құраса, жылдамдықты-
күштік спорт түрлерімен шұғылданатын спортшыларда 1255, ал
төзімділікке жаттығатын спортшыларда 1500 кгм*мин-1 және одан
жоғары болады.

                                      270

⇐ МАЗМҰНЫ
   265   266   267   268   269   270   271   272   273   274   275