Page 271 - indexf
P. 271

Қандай да бір арнайы құрал-жабдықтарды қажет етпей-ақ орын-
далатын келесідей қарапайым функциялық сынамалар спортшының
күйі жайында пайдалы ақпараттар бере алды: 20 рет жүрелеп
отырып-тұру, орнында тұрып 15 сек. максималды темпте жүгіру, бір
орында 2 немесе 5 минуттық жүгіру және т.б. 20 рет отырып-тұру
арқылы орындалатын функциялық сынамалардан кейін ЖЖЖ 2 ми-
нут ішінде қалпына келуі керек. Бір орында орындалатын 2 минуттық
жүгіру сынамасынан кейін пульстің қалпына келуі 5 минутқа дейін
созылады.

    Функциялық сынамалардан кейін қалпына келу кезеңіне тал-
дау жүргізудің маңызы зор. Қалпына келу кезеңі ең алдымен,
жүктеме қарқындылығына, оны орындау кезіндегі зерттелушінің
белсенділігіне және жүрек-тамыр жүйесінің қызметтік күйіне бай-
ланысты екендігі белгілі. Неғұрлым ЖЖЖ бастапқы мәніне тез кел-
се, соғұрлым жүрек-тамыр жүйесінің функциялық күйінің жоғары
екендігін көрсетеді. 20 рет отырып-тұру арқылы орындалатын
функциялық сынамаға қалыпты реакция кезінде ЖЖЖ бастапқы
көрсеткіштен 60-80%-ға артады, ал 2 минуттық жүгіруден кейін
100%-дан аса жоғарылай қоймайды. Бұл цифрлардан ЖЖЖ мәнінің
жоғары болуы жүректің функциялық қабілетінің нашарлауын
көрсетеді.

    Бастапқы мәндермен салыстырғанда 20 рет отырып-тұрғаннан
кейін пульстік қысым (егер систолалық қан қысымы 120, диастола-
лық қан қысымы 80 болса, пульстік қысым олардың айырмасы-
на, яғни 40-қа тең) 80-100%-дан, 3 минуттық жүгіруден кейін 100-
120%-дан артпауы қажет. Пульстік қысымның арту пайызы пульстің
жиілеу пайызынан айтарлықтай қалыс қалмауы тиіс.

    Жоғарыдағы сынамаларды жекелей немесе біріктіре (комби-
нациялы) орындауға да болады. Дене жүктемесімен комбинация-
лы сынаманың ең типтік үлгісі кең танымал Летунов сынамасы
болып табылады. Бұл сынамаға 20 рет отырып-тұру, содан соң 15
сек. максималды темпте жүгіру, ал одан кейін минутына 180 қадам
жылдамдықпен 3 минуттық жүгіру кіреді. Мұнда 20 рет отырып-
тұру бой жазу ретінде болса, 15 сек. жүгіру шапшаңдық сапасын, 3
минуттық жүгіру төзімділік сапасын анықтайды.

    Ортоклиностатикалық сынамалар ортостатикалық және
клиностатикалық әдістерден тұрады.

    Ортостатикалық сынама (Превел ортостатикалық рефлексі)

           271

⇐ МАЗМҰНЫ
   266   267   268   269   270   271   272   273   274   275   276