Page 272 - indexf
P. 272

келесідей орындалады: Зерттелуші кушеткада 5 мин. бойы жата-
ды, жатысымен 15 сек-та ЖЖЖ саналады, зерттелуші тұрған соң
ЖЖЖ тағы да есептеледі. Вертикалды қалыпқа ауысқаннан кейін
пульстің жиілеуі нормада орта есеппен, 1 минутта 6-18 екпінге
дейін болатындығы белгілі. (Кейбір әдістемелерде норма бойын-
ша ЖЖЖ-нің 1 минутта 10-12 екпінге жиілеуі тән). 1 минутта
пульстің 18 екпінге дейін жиілеуі – қанағаттанарлық реакция, ал
оның 1 минутта 20 екпіннен асып кетуі – қанағаттанарлықсыз ре-
акция болып табылады. Пульстің мұндай жиілеуі жүрек-тамыр
жүйесі қызметінің жүйкелік реттелуінің жеткіліксіздігін көрсетеді.
Сонымен, егер спортшының жаттықтырылу дәрежесі жоғары бол-
са, ортостатикалық әсерлер пульстің айтарлықтай өзгерістерін ту-
дырмайды. Сонымен қатар оның көп мәнге артуы организмдегі
функциялық ауытқулардың болуын дәлелдейді. Пульстің 24 екп/
мин.-тан аса жиілеуі симпатикалық жүйке жүйесі тонусының, ал
оның 6 екп/мин.-тан төмен болуы парасимпатикалық тонустың
басымдығын дәлелдейді.

    Клиностатикалық сынама (Даниелопол клиностатикалық
рефлексі) тұрған күйден жатқан күйге ауысқан кезде ЖЖЖ анықтау
арқылы жүргізіледі. Қалыпты жағдайда пульстің 1 минутта 4-12 (20-
ға дейінгі) екпінге баяулауы байқалады. Пульстің баяулауының айқын
байқалуы (6 екп/мин.-тан көп болуы) вегетативтік жүйке жүйесі
парасимпатикалық тонусының жоғарылауын, ал мүлдем реакцияның
болмауы немесе керісінше пульстің жиілеуі симпатикалық жүйке
жүйесі тонусының басымдығын көрсетеді (вегетативтік тонусты
Кердо индексі арқылы анықтау 7-тарауда көрсетілген). Неғұрлым
спортшының жаттықтырылу дәрежесі жоғары болса, соғұрлым
ортоклиностатикалық сынама кезінде ЖЖЖ айырмашылығы аз бо-
лады. Пульстің көп мәнге баяулауы шынығудың төмен дәрежесін
көрсетеді. Бұл екі сынаманы таңертең ояна салысымен жүргізу
ұсынылады.

    Ашнердің көз-жүрек сынамасы. Зерттеуді арқамен жатқан күйде
жүргізеді. Зерттелушіден көзін жұму сұралады, содан соң бас бармақ
пен сұқ саусақ арқылы екі көз алмасын қатар 20-30 сек. бойы жайлап
басқаннан кейін дереу пульс жиілігін санайды. Қалыпты жағдайда
ол минутына 10 екпіннен жоғары баяуламайды.

    Кеудені еңкейту арқылы сынама жүргізу зерттелуші тік тұрған
кезде жүргізіледі. Зерттелушіден алға басын түсіріп, 5 сек. еңкею

           272

⇐ МАЗМҰНЫ
   267   268   269   270   271   272   273   274   275   276   277