Page 273 - indexf
P. 273

сұралады. Одан соң бет жүзінің түсі (вазомоторлық реакция)
бақыланып, пульс жиілігі саналады. Қалыпты жағдайда бет түсі
айтарлықтай өзгермейді, ал пульс минутына 20 екпіннен жоғары
жиілемейді.

    Тынысты кідірту арқылы сынама. Зерттелуші терең емес ты-
ныс алады да, 20 сек. тыныс алуды кідіре тұрады. Содан соң дереу
пульс жиілігі мен артериялық қан қысымы өлшенеді. Қалыпта (нор-
мада) пульс минутына 20 екпіннен асып жиілемейді, систолалық
қан қысымы 20 мм сынап бағанасынан жоғары көтерілмейді, ал
диастолалық қан қысымы не жоғарылауы, не төмендеуі ықтимал.
Алайда, оның өзгерісі 10 мм сынап бағанасынан аспайды.

    Тыныс алу мен жүрек-тамыр жүйесі мүшелерінің қызметтік
күйін тыныс алғанда (Штанге сынамасы) және тыныс шығарғанда
(Генч сынамасы) демді кідірту арқылы орындалатын гипоксиялық
сынамалар көмегімен де анықтауға болады.

    Штанге сынамасы зерттелуші отырған қалыпта жүргізіледі.
Қалыпты тыныстағаннан соң терең (максималдыдан 85-95%) дем
алу кезінде ауызды жабу, мұрынды саусақтармен қысу арқылы
дем алу тоқтатылады. Тынысты тоқтатқан уақытты секундомер-
мен өлшейді. Нормада дем алғанда тынысты кідіру әйел адамдар-
да 35-45 сек. (спортшы әйелдерде 45-55 сек. және одан көп), ерлер-
де 50-60 сек. (спортшы ер адамдарда 65-75 сек. және одан жоғары),
Жаттыққан спортшылар демін бірнеше минутқа дейін ұстап тұра
алады. Жүрек-тамыр жүйесінде ауытқулар болған жағдайларда ты-
нысты тоқтату ұзақтығы 50%-ға төмендейді. Штанге сынамасы бой-
ынша тынысты кідіру уақыты жасқа байланысты әртүрлі мәнге ие:
6-7 жаста – 16-26, 8-9 жаста – 32-34, 10-10 жаста – 37-39, 12-13 жаста
42-45 сек.

    Генч сынамасы максималды дем шығарғаннан кейін тынысты
кідіру уақыты тіркеу арқылы іске асырылады. Зерттелуші терең дем
алып, одан соң максималды дем шығарады. Ауыз, мұрын жабылып,
тынысты тоқтатады. Тыныс алу мен тыныс шығару арасындағы
демді кідіру уақыты тіркеледі. Қалыпта Генч сынамасы мәні дені сау
ерлер мен әйелдерде 20-40 сек., ал спортшыларда 40-60 сек.-қа тең.

    Динамикалық спирометрия – дене жүктемелері ықпалынан
өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) өзгерістерін анықтау.
Зерттелушінің тыныштық күйде ӨТС өлшенген соң, оған орнында
тұрып санды 70-80°-қа көтере, минутына 180 адым қарқынмен 2 ми-
нут бойы жүгіру ұсынылады. Жүгіргеннен кейін ӨТС тағы өлшенеді.

                                      273

⇐ МАЗМҰНЫ
   268   269   270   271   272   273   274   275   276   277   278