Page 274 - indexf
P. 274

Сыртқы тыныс алу мен қан айналым жүйесінің функциялық күйі
мен олардың жүктемеге бейімделуіне байланысты ӨТС төмендеуі,
ұлғаюы немесе өзгеріссіз қалуы мүмкін. Егер жүктемеге дейінгі мен
кейінгі арасындағы мәннің айырмашылығы 200 мл-ден көп болса
ғана, ӨТС-ның нақтылы өзгерістері туралы сөз қозғауға болады.

    Розенталь сынамасы ӨТС-н 15 секундтық интервал арқылы бес
рет өлшей отыра жүргізіледі. Сынама нәтижелері тыныс алу бұлшық
еттерінде қажу жүретін немесе жүрмейтіндігін анықтауға және егер
ол орын ала қалған жағдайда, оның дәрежесін бағалауға мүмкіндік
береді. Ал бұл басқа да қаңқа бұлшық еттері қажуын дәлелдейді. Ро-
зенталь сынамасы нәтижелері:

    – 1-ден 5-өлшегенге дейін ӨТС жоғарылауы – «өте жақсы»;
    – ӨТС-ның өзгеріссіз қалуы – «жақсы»;
    – ӨТС мәні 300 мл-ге дейін төмендеуі – «қанағаттанарлық»;
    ӨТС-ның төмендеуі 300 мл-ден асып кетуі – «қанағаттанарлық-
сыз» деп бағаланады.
    Рюффье индексін анықтау кезінде 30 секундта ерлер 30
отырып-тұру, ал әйел адамдар 24 рет орындайды. Сынама
ИР=(Р1+Р2+Р3-200)/10 формуласы бойынша бағаланады. (Пульс
30 секунд ішінде саналып, екіге көбейту арқылы анықталады).
Мұндағы, Р1– тыныштық күйдегі, Р2 – жүктемеден соң бірден
өлшенген, Р3 – жүктемеден 1 мин. кейінгі жүректің жиырылу
жиілігі. Егер мән теріс болса (нөлден төмен) қан айналу жүйесінің
қызметі «өте жақсы», 0-ден 5-ке дейін – «жақсы», 6-дан 10-ға дейін
«қанағаттанарлық», 11-ден 15-ке дейін «әлсіз», ал 15-тен жоғары
болса «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланады.
    Суықтық сынама жүргізгенде зерттелушінің қолын (құбыр
астына) суық суға салады. Сол мезгілде екінші қолда артериялық
қан қысымы өлшенеді. Қан қысымы одан соң 1, 2, 3, 5-минуттар-
да анықталады. Нормада систолалық қан қысымы 15-25 мм сынап
бағанасына жоғарылауы тиіс. Ал симпатикотония кезінде артерия-
лық қан қысымы 25 мм сынап бағанасынан көп болады.
    Қарашық рефлексі оның жарыққа, конвергенция, аккомода-
ция, ауырсынуға реакциясына жүргізілетін тестілер көмегімен
зерттеледі. Дені сау адамның қарашығы диаметрі 3-3,5 мм, дұрыс
домалақ пішінді. Қалыпта қарашықтардың диаметрлері бірдей бо-
лады. Зерттеу жүргізуші зерттелушілерде «көзді жұму» дыбыстық
сигналына қарашықтың ешқандай кеңеюі болмайтынын анықтап

           274

⇐ МАЗМҰНЫ
   269   270   271   272   273   274   275   276   277   278   279