Page 275 - indexf
P. 275

алады. Кейін бір көзді жұмғанда жабылмаған көздің қарашығының
өзгеруін бақылайды. Әрі қарай «көзді жұму» дыбыстық сигналына
шартты қарашық рефлексін 5-6 рет қайталатып бекітеді.

    Шекті жүктемелерді орындау кезінде спортшылардың жұмысқа
қабілеттіліктері тікелей көрсеткіштер – орындалған жұмыстың
мөлшері мен қуаттылығы бойынша және жанама көрсеткіштер –
организмдегі функциялық өзгерістер мөлшері бойынша бағаланады.

    Қызметтік қорлардың неғұрлым кең диапазонына ие жаттыққан
спортшыларда жаттықпаған тұлғалар қол жеткізе алмайтын
функциялық көрсеткіштердің айтарлықтай дәрежеде артуы
байқалады.

    Шыныққан спортшылардың орталық жүйке жүйесі қызметі
ақпаратты қабылдау мен қайта өңдеудің жоғары жылдамдығымен,
тосқауылдарға жақсы тұрақтылығымен, организмнің функциялық
резервтерінің мобилденуінің жоғары қабілеттілігімен сипаттала-
ды. Оларда қажуды өз еріктерімен жеңудің мүмкіндігі, эмоциялық
стрестерге қарсы тұру қабілеттері аса жоғары болады. Бұған, бір
жағынан, мида қалыптасқан қуатты жұмыс доминанталары, ал
екінші жағынан, нейропептидтер мен гормондардың көп мөлшері
ықпал жасайды. Мысалы, жаттыққан спортшыларда спортпен
жаттықпаған адамдардан жарыс кезеңінде адреналиннің тәуліктік
мөлшері 150 есе асып түсуі ықтимал.

    Энергия жұмсау өте жоғары болады: жеке энергия шығыны
максималды қуаттылықты жұмыс кезінде 4 ккал*с-1 және жал-
пы энергиялық шығын қалыпты қуаттылықты жұмыс кезінде 2-3
мың ккал және одан жоғары болады. (Жалпы энергиялық шығын
– жаттығудың барлығын тұтасымен орындау кезінде шығындалған
энергия мөлшері).

    Аэробтық мүмкіндіктерді сипаттайтын ОМП мөлшері ай-
тулы спортшыларда (шаңғышы, жүзгіштер, ескек есушілерде)
абсолютті ОМП үшін 6 және тіпті, 7 (л О2/мин) және салыстырма-
лы ОМП үшін 85-90 (мл О2/кг·мин) жетеді. Мұндай ОМП мөлшері
спортшыда қозғалудың айтарлықтай қуаттылығын дамытуға және
жоғары спорттық нәтижелер көрсетуіне мүмкіндік береді. Барлық
арақашықтықта оттегіні жалпы пайдалану мөлшері де аса көп.
Шыныққандықтың маңызды көрсеткіші стайер-спортшылардың
қандағы глюкоза мөлшерінің дереу төмендеуі кезінде жұмысты әрі
қарай жалғастыра алу қабілеті болып табылады.

           275

⇐ МАЗМҰНЫ
   270   271   272   273   274   275   276   277   278   279   280