Page 276 - indexf
P. 276

Субмаксималды қуаттылықты жаттығулармен шұғылданатын
жоғары білікті спортшылар анаэробты мүмкіндіктерінің өте жоғары
көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Оларда оттектік қарыздылық
мөлшері 20-22 л-ге жетеді. Бұл олардың қанның рН деңгейі 7,0
және тіпті, 6,9-ға дейін болатын айрықша өзгерістері мен қандағы
лактаттың жоғары концентрациясына төзе алушылығын көрсетеді.
Мұндай өзгерістер вегетативтік жүйелер қызметтерінің шекті
өзгерістеріне қарамастан жұмыс кезінде орны толтырылмайтын
жоғары оттектік сұранысқа ие жұмыстар үшін тән. Минуттық ты-
ныс көлемі 180 л/мин, ал минуттық қан көлемі 40 л/мин. болады.
Систолалық қан көлемі 200 мл-ге жетіп жығылады.

Шамадан тыс шыныққандықтың физиологиялық
                         сипаттамасы

    Жаттығу сабақтарының дұрыс ұйымдастырылған режимін,
жүктемелер мөлшері мен тынығу ұзақтығын сақтамау адамның ша-
мадан тыс шыныққандық күйіне әкеп соғады.

    Организмнің толық қалпына келуін тоспай қарқынды
жүктемелерді жүйелі түрде орындай беру, яғни әрі қарай жалғастыра
беру спортшыларда шамадан тыс шыныққандық күйінің дамуына
әкеледі.

    А. С. Солодков (1995) бойынша шамадан тыс шыныққандық
дегеніміз – жаттығу жүктемелерінің арасында тынығудың
жеткіліксіздігі салдарынан зорығудың прогрессивті дамуынан
туындаған спортшы организмінің патологиялық күйі. Бұл күй
шығу генезі бойынша жүйке жүйелерінің бұзылуларына (неврозға)
теңбе-тең келеді. Шамадан тыс шыныққандықтың басты белгісі –
жүктемелер арасындағы жеткіліксіз тынығу.

    Бұл күй қимыл және вегетативті қызметтердің аса
бұзылуларымен, өзін-өзі нашар сезінумен, жұмысқа қабілеттіліктің
төмендеуімен сипатталады. Спортшыларды кешенді зерттеу бары-
сында симпатикалық жүйке жүйесі тонусының басым келетіндігі
(жоғары ортостатикалық сынама), көпшілік шағымдардан (80%
жағдайларға дейін) көрінетін психикалық эмоциялық күйдің
тұрақсыздығы, секемшілдік, көз жасаурау, ашуланшықтың жоғары
болатындығы, жүрек-тамыр қызметінің бұзылулары айқындалған.
Кейбір тұлғаларда депрессия, әлсіздік, жаттығуға қызығушылықтың

болмауы, спортшының «дистанцияда ұйықтауы» күйі орын алады.

           276

⇐ МАЗМҰНЫ
   271   272   273   274   275   276   277   278   279   280   281