Page 277 - indexf
P. 277

Корректуралық тест мәліметтері бойынша ақыл-ой қабілетінің
төмендеуі байқалған, яғни төмен және орташадан төмен баға (60%
жағдайларда) басым болса, ал жоғары және орташадан төмен бағалар
мүлдем байқалмаған.

    Мидың электрлік белсенділігін зерттеуде невроз клиникасы-
на сәйкес (неврастения немесе психастения типі) өзгерістердің
2 типі айқындалған, не үлкен ми жарты шарлары қыртысында қозу
үдерістері мен симпатикалық жүйке жүйесі тонусы басым келетін
жағдайларда ЭЭГ-да негізгі тыныштық ырғағы – альфа-ырғақтың
өте аз байқалуы немесе мүлдем болмауы және 14-17 Гц-ке дейін
фондық белсенділіктің жиілеуі, не депрессия күйі жағдайларында
альфа-ырғақтың төмен амплитудасы мен жиілігі (8-9 Гц) байқалған.
Шамадан тыс шыныққан спортшыларда ми қыртысы белсенділігінің
жұмыс алды күйдің бұзылуы, сонымен қатар жұмыс кезіндегі ЭЭГ
ерекше ретсіздігі мен тұрақсыздығы, циклдік локомоциялар темпін
реттейтін ми жұмыс ырғақтарының көрінуі (қозғалыс темпінде баяу
потенциалдардың) 2 есе төмендеуі орын алған. Ми үдерістерінің
бұзылу дәрежесі спортшылардағы жұмысқа қабілеттіліктің
төмендеуі мен патологиялық симптомдардың көрінуімен сәйкес кел-
ген.

    Шамадан тыс шыныққандықтың дамуында 3 сатыны бөліп
көрсетеді:

    1)	Бірінші саты спорттық нәтижелердің өсуінің тоқтауымен неме-
се олардың айтарлықтай емес төмендеуімен, өзін нашар сезінумен,
жүктемеге организм реакциясы адаптивтілігінің төмендеуімен си-
патталады;

    2)	 Екінші саты спорттық нәтижелердің прогрессивті
төмендеуімен, қалпына келу үдерістерінің қиындауымен және әрі
қарата хал-жайының нашарлауымен байланысты;

    3)	Үшінші саты жүрек-тамыр, тыныс алу және қимыл жүйелері
қызметтерінің аса бұзылуымен, спорттық жұмысқа қабілеттіліктің,
әсіресе, төзімділіктің дереу төмендеуімен, хал-жайының ауыр-
лауымен, ұйқының үнемі бұзылуымен, тәбеттің болмауымен,
спортшының салмағының түсуімен көрінеді.

    Шамадан тыс шыныққандықтың жиі тіркелетін невроздық,
кардиалгиялық, вегетативті-дистониялық және аралас клиникалық
синдромдары жатады.

    Шамадан тыс шыныққандық күйінің алдын алу спортшы

           277

⇐ МАЗМҰНЫ
   272   273   274   275   276   277   278   279   280   281   282