Page 301 - indexf
P. 301

Спортшыларға түрлі климаттық-географиялық жағдайларда
жаттығуға немесе жарысуға тура келеді. Және осыған орай рецеп-
торлар адаптациясы шапшаңдығының маңызы бар. Барлық рецеп-
торлар жылдам және баяу бейімделетін (кезеңдік және тонустық)
болып бөлінеді.

    Жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында
үзіліссіз және қайталап болу сыртқы ортаның осы арнайы
жағдайларына организмнің біртіндеп бейімделуін тудырады.
Нәтижесінде жылылық стреске қарсы организмнің тұрақтылығы
дамиды. Адамның ыстыққа бейімделуіне өзіндік арнайы сипат тән.
Ол ыстықты барынша жеңілірек қабылдайды, жұмысты орындау
объективті сияқты (жылу әсеріне физиологиялық өзгерістер азаяды)
субъективті де аса қиын болмайды. Жылуға бейімделу күйі – аккли-
матизация жүреді.

    Ыстық әсіресе, ылғалдылығы жоғары ауа суыққа қарағанда
спортшы үшін көп күш түсіреді. Орта температурасы дене темпе-
ратурасынан жоғары болғанда жылу қоршаған ортадан организмге
өтеді. Мұндай жағдайларда жылуды бұрып жіберудің жалғыз тәсілі
булану (тер бөліну) болады.

    Ыстықтың (жоғары температура) әсерінің бас кезіндеректалды
температура, оттегі пайдалану, ЖЖЖ және минуттық қан көлемі
тез өседі. Тер бөліну көп емес және тұрақты дене температурасын
сақтау үшін жеткіліксіз болады. Ыстық климатта 12 күн болған соң
бейімделудің айқын белгілері басталады. Тер бөліну 2 есе артады,
ал ЖЖЖ және оттегі пайдалану шамамен, 40%-ға түседі. Буланудың
күшеюі және зат алмасудың төмендеуі ішкі температураның
жоғарылауын азайтады. Периферияға (шеткі мүшелерге) жылу
шығарудың жоғарылауына және тер бөлінудің күшеюіне әкелетін
тамырлардың күшті кеңеюі барынша тиімді реттелумен байланысты
(Р.D.Sturkie, 1981). Спортшыларда егер ыстық және ылғалды кли-
мат зоналарында алғашқы 5-7 күндері монша (сауна) және салқын
(суық) душ (ұйқы алдында салқын душ және көмірсулы сусындар,
ал таңертең суық душ және адаптогендер жень-шень, пантокрин,
пантогематоген, аралия тұнбасы, т.б.) қабылдаса, бейімделу тезірек
жүреді. Бұдан басқа сусындарды жеткілікті мөлшерде қабылдау
(шай, минералды су, шырын) бейімделуді жылдамдатудың маңызды
моменттерінің бірі болып табылады. Бейімделу принциптерін
сақтамаған кезде түрлі асқынулар – жылылық, күннің соққысы және
т.б. болуы мүмкін.

                                      301

⇐ МАЗМҰНЫ
   296   297   298   299   300   301   302   303   304   305   306